Хадис

Құранды әуезді үнмен нақышына келтіріп оқудың артықшылығы

О достоинстве выразительного чтения Корана мелодичным голосом

Риядус-салихин, 182-тақырып · 5 хадис · № 1005–1009

Хадистер

1005
Риядус-салихин, № 1005Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا أَذِنَ اللَّهُ لِشَيْءٍ مَا أَذِنَ لِنَبِيٍّ حَسَنِ الصَّوْتِ يَتَغَنَّى بِالقُرْآنِ يَجْهَرُ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Алла Тағала дауысы әдемі пайғамбардың Құранды әуезді мақамға салып, дауыстап оқығанына құлақ асқанындай еш нәрсені сүйіп тыңдаған емес», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 5024, Муслим: 1845, Ахмад: 7670).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Аллах Всевышний ничему не внимает с такой любовью, с какой внимает пророку, обладающему прекрасным голосом и читающему Коран вслух, нараспев”» (Аль-Бухари: 5024; Муслим: 1845; Ахмад: 7670).

1006
Риядус-салихин, № 1006Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأَشعرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لَهُ: «لَقدْ أُوتِيتَ مِزْمَارًا مِنْ مَزَامِيرِ آلِ دَاوُدَ»

وَفِى رِوَايَة لمسلمٍ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لَهُ: «لَوْ رَأَيْتَنِى وَأَنَا أسْتَمِعُ لِقِراءتِكَ الْبَارِحَةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ оған: «Саған Дәуіт пайғамбардың күміс көмейіндей керемет күміс көмей, әуезді үн берілген», – деп айтады» (Бұхари: 5048, Муслим: 1851, Ахмад: 23033).

Имам Муслим жеткізген нұсқада Алла елшісі ﷺ оған: «Кеше түнде оқыған Құраныңды қалай тамсанып тыңдағанымды көрсең ғой...», – деген.

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Тебе дарован прекрасный серебристый и мелодичный голос, подобный голосу пророка Дауда» (Аль-Бухари: 5048; Муслим: 1851; Ахмад: 23033).

В версии, переданной имамом Муслимом, Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Если бы ты только видел, с каким восхищением я слушал прошлой ночью твоё чтение Корана…»

1007
Риядус-салихин, № 1007Риуаят етуші: Бәра

عَنْ الْبَراءِ بْنِ عازِبٍ، قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ قَرَأَ فِى الْعِشَاءِ بالتِّينِ وَالزَّيْتُونِ، فَمَا سَمِعْتُ أَحَدًا أَحْسَنَ صَوْتًا مِنْهُ

Қазақша аудармасы

Бараа ибн Азиб (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ құптан намазында Тин сүресін оқығанын ұйып тыңдадым. Оның дауысындай керемет әуезді дауысты ешкімнен естіген емеспін», – деген (Бұхари: 769, Муслим: 1037, Ахмад: 18639).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я сосредоточенно слушал, как Пророк ﷺ читал суру “Ат-Тин” во время ночной молитвы. Я ни у кого не слышал столь прекрасного и мелодичного голоса, как у него» (Аль-Бухари: 769; Муслим: 1037; Ахмад: 18639).

1008
Риядус-салихин, № 1008

عَنْ أَبِى لُبَابَةَ بشير بْنِ عبد الْمنذر أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ لَمْ يَتَغَنَّ بِالقُرْآنِ فَلَيْسَ مِنَّا»

Қазақша аудармасы

Әбу Лүбәба Бәшир ибн Абдул-Мунзир (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Құранды шамасы жеткенше әдемі дауыспен мақамдап оқымаса, бізден емес», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуд: 1471).

Орысша аудармасы

Абу Любаба Башир ибн Абд аль-Мунзир (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Не из нас тот, кто не читает Коран нараспев красивым голосом, насколько это ему по силам» (Абу Дауд: 1471).

1009
Риядус-салихин, № 1009Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ لِى النَّبِيُّ ﷺ: «اقْرَأْ عَلَيَّ الْقُرْآنَ»، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَقْرَأُ عَلَيْكَ، وَعَلَيْكَ أُنْزِلَ؟! قَالَ: «إِنِّى أُحِبُّ أَنْ أسْمَعَهُ مِنْ غَيْرِى» فَقَرَأْتُ عَلَيْهِ سُورَةَ النِّسَاءِ، حَتَّى جِئْتُ إِلَى هَذِهِ الآية: «فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَى هَؤُلَاءِ شَهِيدًا [قَالَ: «حَسْبُكَ الآنَ» فَالْتَفَتُّ إِلَيْهِ، فَإِذَا عَيْنَاهُ تَذْرِفَانِ

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ маған: «Қанеки, Құран оқышы», – деді. Мен: «Уа, Расулалла, сізге түскен Құранды өзіңізге қалай оқымақпын?» – дедім. Сонда ол: «Мен Құранды басқалардың аузынан тыңдағанды ұнатамын», – деді. Содан мен «Ниса» сүресін оқи бастадым. Сөйтіп, «Уа, Расулым! Әрбір үмбеттен бір-бір куә (яғни, әр қауымның өз пайғамбарын) шығарғанымызда және сені мыналарға (яғни, бүкіл кәпірлерге) қарсы куә ретінде әкелгенімізде, олардың жағдайы не болар екен?» деген аятқа келгенімде, Расулалла ﷺ: «Әзірше осы да жеткілікті», – деді. Оған бұрылып қарағанымда, көзінен жас парлап, жылап отыр екен», – деп айтты (Бұхари: 4582, Муслим: 1867, Ахмад: 3550).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ сказал мне: “Прочти мне Коран”. Я ответил: “О Посланник Аллаха! Как же мне читать вам Коран, который был ниспослан вам?” Он сказал: “Я люблю слушать Коран, когда его читает кто-то другой”. Тогда я начал читать суру “Ан-Ниса”. Когда я дошёл до аята: “О Посланник Мой! Что же станется с ними, когда Мы приведём от каждой общины по свидетелю (то есть пророка каждой общины), а тебя приведём свидетелем против этих (то есть против всех неверующих)?” (Коран, 4:41), Посланник Аллаха ﷺ сказал: “На этом пока достаточно”. Когда я взглянул на него, он плакал, а из его глаз струились слёзы» (Аль-Бухари: 4582; Муслим: 1867; Ахмад: 3550).