Хадис

Риядус-салихин, № 165

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
16. Сүннетті берік ұстану жайында
Нөмірі
№ 165 (қазақша басылым реті)
165
Риядус-салихин, № 165Риуаят етуші: Жәбир

عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمَرَ بِلَعْقِ الْأَصَابِعِ وَالصَّحْفَةِ، وَقَالَ: «إِنَّكُمْ لَا تَدْرونَ فِى أَيِّها الْبَرَكَةُ» رواه مسلم

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «إِذَا وَقَعَتْ لُقْمَةُ أَحَدِكُمْ فَلْيَأْخُذْهَا، فَليُمِطْ مَا كَانَ بِهَا مِنْ أذىً، وَلْيَأكُلْهَا وَلَا يَدَعْهَا لِلشَّيطَانِ، وَلا يَمْسَحْ يَدَهُ بِالْمنْدِيلِ حَتَّى يَلْعَقَ أَصَابعَهُ فَإِنَّهُ لَا يَدْرِى فِى أيِّ طَعَامِهِ الْبَرَكَةُ».

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «إِنَّ الشَّيطَانَ يَحْضُرُ أَحَدَكُمْ عِنْدَ كُلِّ شَيْءٍ مِنْ شَأنِهِ، حَتَّى يَحْضُرَهُ عِنْدَ طَعَامِهِ، فَإِذَ سَقَطَتْ مِنْ أَحَدِكُمْ اللُّقْمَةُ فَليُمِطْ مَا كَانَ بِهَا مِنْ أذَىً، فَلْيَأكُلْهَا وَلَا يَدَعْهَا لِلشَّيطَانِ».

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ (ас-ауқаттан кейін) саусақтар мен табақты жалап-жұқтауды (яғни тазалауды) бұйырып: «Расында, сендер оның қайсысында (яғни тамақтың қай жерінде) береке барын білмейсіңдер ғой», – деп айтқан. (Муслим: 5300; Ахмад: 15223).

Басқа бір риуаятта: «Егер қайсыбіріңнің жеп отырған асынан бір нәрсе түсіп қалса, оны алып, ондағы зиянды кетірсін де жеп қойсын, оны шайтанға қалдырмасын. Сондай-ақ (тамақтанып) болған соң, саусақтарын жалап-жұқтамайынша қолын майлыққа сүртпесін. Өйткені ол алдындағы асының қай жерінде береке барын білмейді ғой», – деп келген.

Тағы бір риуаятта: «Шынында, шайтан ұдайы әрбіріңнің басы-қасыңда болады, тіпті ас-ауқат ішкенде де қасында болады. Егер қайсыбіріңнің жеп отырған асынан бір нәрсе түсіп қалса, оны алып, ондағы зиянды кетірсін де жеп қойсын, оны шайтанға қалдырмасын», – делінген.

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ велел после еды облизывать пальцы и дочиста съедать остатки пищи на блюде, сказав: «Поистине, вы не знаете, в какой её части (то есть в какой части пищи) заключена благодать» (Муслим: 5300; Ахмад: 15223).

В другой версии говорится: «Если у кого-либо из вас упадёт кусок пищи, пусть он поднимет его, удалит с него всё вредное и съест, не оставляя шайтану. Закончив есть, пусть не вытирает руки салфеткой, пока не оближет пальцы дочиста. Ведь он не знает, в какой части находящейся перед ним пищи заключена благодать».

В ещё одной версии говорится: «Поистине, шайтан неотступно находится рядом с каждым из вас, даже во время еды. Поэтому, если у кого-либо из вас упадёт кусок пищи, пусть он поднимет его, удалит с него всё вредное и съест, не оставляя шайтану».

Түсіндірме (қазақша)

Тамақ жегеннен кейін саусақтарды әдеппен жалап-жұқтап, астың жұғынын да қалдырмай тазалап жеу әдетте тамақты қолмен жеген жағдайда болмақ. Бұрынғы замандарда адамдардың тамақты негізінен қолмен жегені белгілі. Қазақ халқының тамақтану салтында да, асты қолмен жеу бұрыннан бар, әсіресе, етті қолмен жеу салты еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында әлі күнге дейін сақталған. Сондай-ақ адамның ас-ауқатын шайтанға қалдырмауы керек дегенді ауыспалы мағынада, яғни ас-ауқатты ысырап қылып, берекесін кетірмеу керек, Алланың үлкенді-кішілі әрбір нығметінің қадір-қасиетін білу және сол арқылы Аллаға шүкіршілік айту қажет деген мағынада түсінген жөн. Өйткені Құранда: «Шынында, ысырапқорлар шайтандардың бауырлары. Ал шайтан Раббысына рақыметі жоқ малғұн болды», – деп айтылған. (Исра сүресі, 27-аят) Қазақ халқының салтында астың, соның ішінде ас атасы нанның қадірін білу, тіпті қоқымын да қалдырмай түгелдей жеп қою, асты аяқ асты етпеу әдебі әбден орныққан. Ендеше, осынау ізгі салтымыз ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ салиқалы сүннетімен толық үйлесіп, біте-қайнасып жатыр десек қателеспейміз.

Түсіндірме (орысша)

обычай аккуратно облизывать пальцы после еды и съедать всё дочиста, не оставляя даже следов пищи, характерен для тех случаев, когда едят руками. Известно, что в прежние времена люди преимущественно ели руками. В культуре питания казахского народа также издревле существовал обычай есть руками. В особенности традиция есть мясо руками до сих пор сохраняется в южных и западных регионах нашей страны. Слова о том, что человеку не следует оставлять свою пищу шайтану, следует также понимать в переносном смысле: нельзя расточать пищу, лишая её благодати; необходимо ценить каждую милость Аллаха, большую и малую, и тем самым благодарить Его. Ведь в Коране сказано: «Поистине, расточители – братья шайтанов, а шайтан был проклятым и неблагодарным своему Господу» (сура «Исра», 17:27).

В обычаях казахского народа прочно укоренилось бережное отношение к пище, особенно к хлебу, почитаемому главным из всех яств: принято съедать его целиком, не оставляя даже крошек, не бросать пищу под ноги и не попирать её. Поэтому мы не ошибёмся, сказав, что этот благой обычай нашего народа полностью согласуется с достойной сунной нашего почитаемого Пророка ﷺ и неразрывно с ней переплетается.