Хадистер
«وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُوا» «Елші-пайғамбар сендерге не жеткізсе, соны шын көңілден қабыл алыңдар және сендерді не нәрседен тыйса, содан тыйылыңдар!» («Хашр» сүресі, 7-аят).
«وَمَا يَنْطِقُ عَنِ الْهَوَى إِنْ هُوَ إِلا وَحْيٌ يُوحَى» «Ол ешқашан өз әуейілігіне қарай сөйлемейді. Ол – оған түсірілген уахи ғана!» («Нәжм» сүресі, 3-4-аят).
«قُلْ إِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِى يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ» «Егер Алланы жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт» («Әли Имран» сүресі, 31-аят).
«لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِى رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِمَنْ كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِر» «Алла елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және ақырет күніне бар үмітін артқан һәм Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық қылатындар үшін теңдессіз үлгі-өнеге бар» («Ахзаб»сүресі, 21-аят).
«فَلا وَرَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ حَتَّى يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لَا يَجِدُوا فِى أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا» «Жо-жоқ, Раббыңның атымен ант етейін! Олар өз араларыңда туындаған дау-дамайды сенің билігіңе жүгініп, әрі шығарған үйіміңе іштей де наразылық танытпастан толық бойсұнбайынша, иман келтірген болып саналмайды» («Ниса» сүресі, 65-аят).
«فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِى شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ» «...Егер Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болсаңдар, қандай да бір мәселе төңірегінде өзара келісе алмағандарында, Аллаға және елші-пайғамбарға жүгініңдер....» («Ниса» сүресі, 59-аят).
«مَنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّه» «Кім елші-пайғамбарға бағынса, сөзсіз, Аллаға бағынғаны....» («Ниса» сүресі, 80-аят).
«وَإِنَّكَ لَتَهْدِى إِلَى صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ» «...Сен тұп-тура жолға бастайсың!» («Шура» сүресі, 52-аят).
«فَلْيَحْذَرِ الَّذِىن يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَنْ تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ» «...Алла елшісінің бұйрығына қайшы келгендер, бастарына бір сынақтың немесе жан төзгісіз азаптың келуінен қорықсын» («Нұр» сүресі, 63-аят).
«وَاذْكُرْنَ مَا يُتْلَى فِى بُيُوتِكُنَّ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ وَالْحِكْمَةِ» «Үйлеріңде оқылып жатқан Алланың аяттарын және пайғамбар хикметін жадыларыңа жақсылап түйіп алыңдар!» («Азхаб» сүресі, 34-аят).
«И что дал вам Посланник, то берите это, а что он вам запретил – то оставьте» (сура «Хашр», 59:7).
«И не таков он, чтобы говорить по своей прихоти. Сие – только внушаемое Откровение» (сура «Наджм», 53:3–4).
«Скажи: “Если вы любите Аллаха, то следуйте за мной. Тогда полюбит вас Аллах и простит вам грехи”» (сура «Али Имран», 3:31).
«Поистине, в посланнике Аллаха есть прекрасный пример и бесподобное назидание для вас и для тех, кто надеется на Аллаха и на Судный День, и кто поминает Аллаха многократно и часто Ему поклоняется» (сура «Ахзаб», 33:21).
«Но нет же, клянусь Господом твоим! Не станут они верующими, покуда не сделают тебя судьей в разногласиях между ними и покуда не подчинятся твоему решению без стеснения в своих душах» (сура «Ниса», 4:65).
«Когда бы вы ни стали препираться из-за разногласий между вами, то прибегните к Аллаху и Его посланнику, если вы и вправду уверовали в Аллаха и Последний День» (сура «Ниса», 4:59).
«Поистине, кто повинуется посланнику, тот повинуется Аллаху» (сура «Ниса», 4:80).
«И поистине, ты ведешь к верному пути» (сура «Шура», 42:52).
«Так пусть боятся те, кто нарушает веления посланника Аллаха, того, что их постигнет испытание или обрушится на них нестерпимое наказание!» (сура «Нур», 24:63).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «دَعُونِى مَا تَرَكْتُكُمْ، إِنَّمَا أَهْلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ كَثْرَةُ سُؤالِهِمْ واخْتِلافُهُمْ عَلَى أنْبيَائِهِمْ، فَإِذَا نَهَيْتُكُمْ عَنْ شَيْء فَاجْتَنِبُوهُ، وَإِذَا أَمَرْتُكُمْ بأمْرٍ فَأْتُوا مِنْهُ مَا اسْتَطَعْتُمْ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Қандай да бір мәселеде сендерге тыйым салмай, өз жайларыңа қалдырған болсам, ол жайында менен сұрамаңдар! Өйткені сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен – орынсыз көп сұрақ қою мен пайғамбарларына қарсы шыққандықтары болатын. Ендеше, сендерді не нәрседен тыйсам, содан аулақ жүріңдер. Ал егер бір істі бұйырсам, соны шамаларың келгенше орындауға тырысыңдар», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 7288; Муслим: 3257; Ахмад: 7367).
Орысша аудармасы
В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается: «Пророк ﷺ сказал: “Если в каком-либо вопросе я оставил вас самим себе, ничего не запретив, не спрашивайте меня об этом! Ведь народы, жившие до вас, погибли из-за излишних вопросов и противоречия своим пророкам. Поэтому сторонитесь того, что я вам запретил, а если я повелю вам что-либо, старайтесь выполнить это по мере своих сил”» (Аль-Бухари: 7288; Муслим: 3257; Ахмад: 7367).
عَنْ أَبِى نَجيحٍ الْعِرباضِ بْنِ سَارِية قَالَ: وَعَظَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَوعظةً بَليغَةً وَجِلَتْ مِنْهَا الْقُلُوبُ، وَذَرَفَتْ مِنْهَا الْعُيُونُ، فَقُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَأَنَّهَا مَوْعِظَةُ مُوَدِّعٍ فَأوْصِنَا، قَالَ: «أُوصِيكُمْ بِتَقْوَى اللَّهِ، وَالسَّمْعِ وَالطَّاعَةِ وَإِنْ تَأمَّر عَلَيْكُمْ عَبْدٌ حَبَشِيٌّ، وَإِنَّهُ مَنْ يَعِشْ مِنْكُمْ فَسَيَرَى اختِلافًا كَثِيرًا، فَعَليْكُمْ بسُنَّتِى وسُنَّةِ الْخُلَفاءِ الرَّاشِدِينَ الْمَهْدِيِيِّنَ عَضُّوا عَلَيْهَا بالنَّواجِذِ، وَإِيَّاكُمْ وَمُحْدَثَاتِ الْأُمُورِ؛ فَإِنَّ كلَّ بدعة ضلالة»
Қазақша аудармасы
Ирбад ибн Сәрия (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ уағызы әдеттегіден өзгеше болды. Уағыздан әсерленгеніміз соншалық – жүрегіміз суылдап, көзіміз жасқа толды. Уағыздың соңында біз: «Уа, Расулалла! Бұл сөздеріңіз бақұлдасып тұрған кісінің соңғы насихатына ұқсайды. Бізге соңғы өсиетіңізді айтыңыз, құлағымыз сізде», – дедік. Сонда ол: «Сендерге айтарым, Алладан қорқып, тақуалық аясында өмір сүріңдер. Басшыларың эфиопиялық қара нәсілді құл болса да, айтқандарына құлақ асып, оған бойсұныңдар. Әлі де дәм-тұзы барлар (мұсылмандар арасындағы) талай алауыздық пен араздыққа куә болады. Сол кезде менің және әділ халифалардың жолын таңдап, соған тастай қатып, берік ұстаныңдар. Сондай-ақ дінге кейіннен енгізілген жаңалықтардан сақ болыңдар. Расында, (дінде негізі болмаған) әрбір жаңалық – адасушылық!» – деп айтты» – деген. (Әбу Дәуіт: 4607; Тирмизи: 2676; Ахмад: 17142).
Орысша аудармасы
Ирбад ибн Сария (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды проповедь Посланника Аллаха ﷺ отличалась от обычных. Она так глубоко подействовала на нас, что наши сердца затрепетали, а глаза наполнились слезами. В конце проповеди мы сказали: “О Посланник Аллаха! Эти слова напоминают последнее наставление прощающегося. Оставьте же нам своё последнее завещание – мы внимательно слушаем Вас”. Тогда он сказал: “Я завещаю вам бояться Аллаха и жить в богобоязненности. Слушайте своего правителя и повинуйтесь ему, даже если им станет чернокожий эфиопский раб. Те из вас, кому суждено прожить ещё долго, станут свидетелями множества разногласий и раздоров среди мусульман. Тогда крепко и неуклонно придерживайтесь моего пути и пути праведных халифов. Остерегайтесь также нововведений, впоследствии внесённых в религию. Поистине, каждое нововведение, не имеющее основы в религии, – заблуждение!”» (Абу Дауд: 4607; Ат-Тирмизи: 2676; Ахмад: 17142).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كُلُّ أُمَّتِى يَدخُلُونَ الْجَنَّةَ إِلَّا مَنْ أبَى». قيلَ: وَمَنْ يَأبَى يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «مَنْ أَطَاعَنِى دَخَلَ الْجَنَّةَ، وَمَنْ عَصَانِى فَقَدْ أبَى»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Бас тартқандардан басқа күллі үмбетім жаннатқа кіреді», – деген. Сонда: «Уа, Расулалла! Одан кім бас тартады?!» – делінгенде: «Кім маған бойсұнса жаннатқа кіреді, ал кім маған қарсы келсе, сол бас тартқан болып саналады», – деді», – деген. (Бұхари: 7280; Ахмад: 8728).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Вся моя община войдёт в рай, кроме тех, кто откажется”. Его спросили: “О Посланник Аллаха! Кто же откажется?!” Он ответил: “Кто повинуется мне, тот войдёт в рай, а кто ослушается меня, тот тем самым отказывается”» (Аль-Бухари: 7280; Ахмад: 8728).
عَنْ أَبِى مسلم، وقيل: أَبِى إِياس سَلمة بْنِ عَمْرُو بْنِ الْأكوع: أَنَّ رَجُلًا أَكَلَ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِشِمَالِهِ، فَقَالَ: «كُلْ بِيَمِينكَ» قَالَ: لَا أسْتَطيعُ. قَالَ: «لَا استَطَعْتَ» مَا مَنَعَهُ إِلَّا الْكِبْرُ فمَا رَفَعَهَا إِلَى فِيهِ
Қазақша аудармасы
Әбу Муслим (Әбу Ияс деп те аталған) Сәләма ибн Амр ибн Акуағ (р.а.) жеткізген хасдисте, бір кісі Алла елшісінің ﷺ қасында сол қолымен ас ішіп отырады. Алла елшісі оған: «Оң қолыңмен же», – дегенде, ол: «Олай жей алмаймын», – деп қасарысады. Сонда Алла елшісі оған: «Жей алмай қал», – деген екен. «Оның оң қолымен тамақ жеуіне тәкаппарлығы ғана кедергі болған еді. Содан кейін ол өмір бақи оң қолын аузына көтере алмай қалды», – деп айтылған. (Муслим: 5268; Ахмад: 16493).
Орысша аудармасы
Абу Муслим (которого также называли Абу Иясом) Салама ибн Амр ибн аль-Аква (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды один человек ел левой рукой в присутствии Посланника Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Ешь правой рукой». Тот упрямо ответил: «Я не могу так есть». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Да не сможешь ты!» Ему мешало есть правой рукой лишь его высокомерие. После этого до конца жизни он так и не смог поднести правую руку ко рту. (Муслим: 5268; Ахмад: 16493).
عَنْ أَبِى عَبْدِ اللَّهِ النعمان بْنِ بشير رَضيَ اللَّه عَنْهُمَا، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «لَتُسَوُّنَّ صُفُوفَكُمْ، أَوْ لَيُخَالِفَنَّ اللَّهُ بَيْنَ وُجُوهِكُمْ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.
وَفِى رِوَايَة لمسلم: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُسَوِّى صُفُوفَنَا حَتَّى كأَنَّما يُسَوِّى بِهَا الْقِدَاحَ حَتَّى إِذَا رَأَى أَنَّا قَدْ عَقَلْنَا عَنْهُ. ثُمَّ خَرَجَ يَوْمًا فقامَ حَتَّى كَادَ أَنْ يُكَبِّرَ فرأَى رَجلًا بَاديًا صَدْرُهُ، فَقَالَ: «عِبَادَ اللَّه، لَتُسَوُّنَّ صُفُوفَكُمْ أَوْ لَيُخَالِفَنَّ اللَّهُ بَيْنَ وُجُوهِكُمْ»
Қазақша аудармасы
Әбу Абдуллаһ Нұғман ибн Бәшир (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Саптарыңды түзеңдер, әйтпесе, Алла жүздеріңді бір-біріне теріс қаратып қояды (яғни, араларыңа сызат түсіп, дұшпандылық пен өшпенділік орын алады)», – деп айтқанын естідім, – деген. (Бұхари: 717; Муслим: 978; Ахмад: 18400).
Имам Муслим жеткізген хадис мәтінінде: «Алла елшісі (әубаста намаздағы) саптарымызды бейне бір жебелерді тізгендей (өз қолымен) түзейтін еді. Бұл ісін біз оны әбден ұққанға дейін жалғастырды. Содан бір күні (жамағат алдына) шығып, тәкбір ала бергенде, кеудесі алға шығыңқырап көрініп тұрған бір кісіні байқап қалып: «Уа, Алланың құлдары! Саптарыңды түзеңдер, әйтпесе, Алла жүздеріңді бір-біріне теріс қаратып қояды», – деп айтты», – делінген. (Муслим: 979)
Орысша аудармасы
Абу Абдуллах Нуман ибн Башир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Выравнивайте свои ряды, иначе Аллах отвернёт ваши лица друг от друга (то есть между вами возникнет разлад и воцарятся вражда и ненависть)”» (Аль-Бухари: 717; Муслим: 978; Ахмад: 18400).
В тексте хадиса, переданном имамом Муслимом, говорится: «Посланник Аллаха ﷺ поначалу выравнивал наши (молитвенные) ряды, словно выравнивал стрелы (собственноручно). Он продолжал делать это, пока мы не усвоили всё как следует. Однажды он вышел (к молящимся) и уже собирался произнести такбир, как заметил человека, грудь которого слегка выдавалась вперёд, и сказал: “О рабы Аллаха! Выравнивайте свои ряды, иначе Аллах отвернёт ваши лица друг от друга”» (Муслим: 979).
عَنْ أَبِى مُوسَى، قَالَ: احْتَرقَ بَيْتٌ بِالْمَدِينَةِ عَلَى أَهْلِهِ مِنَ اللَّيْلِ، فَلَمَّا حُدِّثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بشَأنِهِمْ، قَالَ: «إِنَّ هَذِهِ النَّارَ عَدُوٌّ لَكُمْ، فَإِذَا نِمْتُمْ، فَأطْفِئُوهَا عَنْكُمْ»
Қазақша аудармасы
Әбу Мұса (р.а.): «Бір күні түн ішінде Мәдинада бір үй ішіндегі адамдарымен бірге өртеніп кетті. Олардың хабары Алла елшісіне ﷺ айтылғанда, ол: «Шынында, бұл от – сендерге (тілсіз) жау, сондықтан ұйықтайтын кезде оны өшіріңдер», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 6294; Муслим: 5258).
Орысша аудармасы
Абу Муса (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды ночью в Медине один дом сгорел вместе с находившимися в нём людьми. Когда об этом сообщили Посланнику Аллаха ﷺ, он сказал: “Поистине, этот огонь – ваш безмолвный враг. Поэтому, когда будете ложиться спать, гасите его”» (Аль-Бухари: 6294; Муслим: 5258).
عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مَثَلَ مَا بَعَثَنِى اللَّه بِهِ مِنَ الْهُدَى والعِلْم كَمَثَلِ غَيثٍ أَصَابَ أَرْضًا فَكَانَتْ مِنْهَا طَائِفةٌ طَيِّبَةٌ، قَبِلَتِ الْمَاءَ فَأَنْبَتَتِ الْكَلأَ والعُشْبَ الْكَثِيرَ، وَكَانَ مِنْهَا أَجَادِبُ أمسَكَتِ الْمَاء فَنَفَعَ اللَّهُ بِهَا النَّاسَ فَشَربُوا مِنْهَا وَسَقُوا وَزَرَعُوا، وَأَصَابَ طَائفةً مِنْهَا أخْرَى إِنَّمَا هِيَ قيعَانٌ لَا تُمْسِكُ مَاءً وَلَا تُنْبِتُ كَلأً، فَذَلِكَ مَثَلُ مَنْ فَقُهَ فِى دِينِ اللَّهِ وَنَفَعَهُ بمَا بَعَثَنِى اللَّه بِهِ فَعَلِمَ وَعَلَّمَ، وَمَثَلُ مَنْ لَمْ يَرْفَعْ بِذَلِكَ رَأسًا وَلَمْ يَقْبَلْ هُدَى اللَّهِ الَّذِى أُرْسِلْتُ بِهِ»
Қазақша аудармасы
Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алланың мені тура жол және хақ іліммен жібергендігінің мысалы – бейне бір жерге жауған нөсер жауын іспетті. Жердің біршама бөлігі құнарлы болып, суды сіңіріп алады да, мол көк майса мен көкорай шалғын шөп өсіреді. Ал жердің енді бір бөліктері қатты болып, суды сіңірмей ұстап қалады да, соны Алла адамдардың пайдасына асырады, сөйтіп олар сол судан ішеді, сонымен мал суғарады және егін егеді. Сондай-ақ жаңбыр жердің су да жинамайтын, өсімдік те өсірмейтін теп-тегіс болған басқа бір бөлігіне де жауады... Міне, бұл – Алланың дінін түсінген, Алланың маған берген тура жолы мен хақ ілімі өздеріне пайда беріп, соны терең түсінген және өзгелерге үйреткен (бақытты) жандардың мысалы мен Алланың маған берген тура жолын қабылдамаған және одан еш пайда алмаған (бейбақ) жандардың мысалы», – деген. (Бұхари: 79; Муслим: 5953; Ахмад: 19573).
Орысша аудармасы
В хадисе, переданном Абу Мусой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «То, с чем Аллах послал меня, – верное руководство и истинное знание – подобно обильному дождю, пролившемуся на землю. Одна часть земли оказалась плодородной: она впитала воду и взрастила обильную зелень и густую траву. Другая часть земли оказалась твёрдой: она не впитала воду, а удержала её, и Аллах обратил эту воду на пользу людям – они стали пить её, поить ею скот и использовать её для орошения посевов. Дождь выпал и на третью, совершенно ровную часть земли, которая не удерживала воду и не взращивала растений... Таков пример (счастливых) людей, которые постигли религию Аллаха: дарованные мне Аллахом верное руководство и истинное знание принесли им пользу, они глубоко усвоили их и стали обучать им других. И таков пример (несчастных) людей, которые не приняли дарованного мне Аллахом верного руководства и не извлекли из него никакой пользы» (Аль-Бухари: 79; Муслим: 5953; Ахмад: 19573).
عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلِى وَمَثَلُكُمْ كَمَثَلِ رَجُلٍ أوْقَدَ نَارًا فَجَعَلَ الْجَنَادِبُ والْفَرَاشُ يَقَعْنَ فِيهَا وَهُوَ يَذُبُّهُنَّ عَنْهَا، وَأَنَا آخذٌ بحُجَزكُمْ عَنِ النَّارِ، وَأنْتُمْ تَفَلَّتونَ مِنْ يَدَيَّ»
Қазақша аудармасы
Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте: Расулалла ﷺ: «Мені мен сендердің жағдайларың, бейне бір от жаққан адам мен ұшып келіп отқа түсіп жатқан шегірткелер мен пәруаналардың жағдайы тәрізді. Әлгі адам қанша жерден жанталасып, қалқалап-қақпайлауға тырысса да, олар бой бермей лаулаған отқа түсіп жатады. Сол секілді мен де сендерді тозақ отынан аман алып қалу үшін жанталасып, ұстап қалуға тырысамын. Ал сендер болсаңдар, қолымнан сытылып, шығып кете бересіңдер», – деп айтты» – делінген. (Муслим: 5958; Ахмад: 14887).
Орысша аудармасы
Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «То, что происходит между мной и вами, подобно тому, как человек разжёг огонь, а кузнечики и мотыльки стали слетаться и падать в него. Как бы отчаянно он ни пытался заслонить их от огня и отогнать, они не слушаются и продолжают падать в пылающее пламя. Так же и я изо всех сил стараюсь удержать вас и спасти от адского огня, а вы всё выскальзываете из моих рук» (Муслим: 5958; Ахмад: 14887).
عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمَرَ بِلَعْقِ الْأَصَابِعِ وَالصَّحْفَةِ، وَقَالَ: «إِنَّكُمْ لَا تَدْرونَ فِى أَيِّها الْبَرَكَةُ» رواه مسلم
وَفِى رِوَايَة لَهُ: «إِذَا وَقَعَتْ لُقْمَةُ أَحَدِكُمْ فَلْيَأْخُذْهَا، فَليُمِطْ مَا كَانَ بِهَا مِنْ أذىً، وَلْيَأكُلْهَا وَلَا يَدَعْهَا لِلشَّيطَانِ، وَلا يَمْسَحْ يَدَهُ بِالْمنْدِيلِ حَتَّى يَلْعَقَ أَصَابعَهُ فَإِنَّهُ لَا يَدْرِى فِى أيِّ طَعَامِهِ الْبَرَكَةُ».
وَفِى رِوَايَة لَهُ: «إِنَّ الشَّيطَانَ يَحْضُرُ أَحَدَكُمْ عِنْدَ كُلِّ شَيْءٍ مِنْ شَأنِهِ، حَتَّى يَحْضُرَهُ عِنْدَ طَعَامِهِ، فَإِذَ سَقَطَتْ مِنْ أَحَدِكُمْ اللُّقْمَةُ فَليُمِطْ مَا كَانَ بِهَا مِنْ أذَىً، فَلْيَأكُلْهَا وَلَا يَدَعْهَا لِلشَّيطَانِ».
Қазақша аудармасы
Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ (ас-ауқаттан кейін) саусақтар мен табақты жалап-жұқтауды (яғни тазалауды) бұйырып: «Расында, сендер оның қайсысында (яғни тамақтың қай жерінде) береке барын білмейсіңдер ғой», – деп айтқан. (Муслим: 5300; Ахмад: 15223).
Басқа бір риуаятта: «Егер қайсыбіріңнің жеп отырған асынан бір нәрсе түсіп қалса, оны алып, ондағы зиянды кетірсін де жеп қойсын, оны шайтанға қалдырмасын. Сондай-ақ (тамақтанып) болған соң, саусақтарын жалап-жұқтамайынша қолын майлыққа сүртпесін. Өйткені ол алдындағы асының қай жерінде береке барын білмейді ғой», – деп келген.
Тағы бір риуаятта: «Шынында, шайтан ұдайы әрбіріңнің басы-қасыңда болады, тіпті ас-ауқат ішкенде де қасында болады. Егер қайсыбіріңнің жеп отырған асынан бір нәрсе түсіп қалса, оны алып, ондағы зиянды кетірсін де жеп қойсын, оны шайтанға қалдырмасын», – делінген.
Орысша аудармасы
Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ велел после еды облизывать пальцы и дочиста съедать остатки пищи на блюде, сказав: «Поистине, вы не знаете, в какой её части (то есть в какой части пищи) заключена благодать» (Муслим: 5300; Ахмад: 15223).
В другой версии говорится: «Если у кого-либо из вас упадёт кусок пищи, пусть он поднимет его, удалит с него всё вредное и съест, не оставляя шайтану. Закончив есть, пусть не вытирает руки салфеткой, пока не оближет пальцы дочиста. Ведь он не знает, в какой части находящейся перед ним пищи заключена благодать».
В ещё одной версии говорится: «Поистине, шайтан неотступно находится рядом с каждым из вас, даже во время еды. Поэтому, если у кого-либо из вас упадёт кусок пищи, пусть он поднимет его, удалит с него всё вредное и съест, не оставляя шайтану».
Түсіндірме (қазақша)
Тамақ жегеннен кейін саусақтарды әдеппен жалап-жұқтап, астың жұғынын да қалдырмай тазалап жеу әдетте тамақты қолмен жеген жағдайда болмақ. Бұрынғы замандарда адамдардың тамақты негізінен қолмен жегені белгілі. Қазақ халқының тамақтану салтында да, асты қолмен жеу бұрыннан бар, әсіресе, етті қолмен жеу салты еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында әлі күнге дейін сақталған. Сондай-ақ адамның ас-ауқатын шайтанға қалдырмауы керек дегенді ауыспалы мағынада, яғни ас-ауқатты ысырап қылып, берекесін кетірмеу керек, Алланың үлкенді-кішілі әрбір нығметінің қадір-қасиетін білу және сол арқылы Аллаға шүкіршілік айту қажет деген мағынада түсінген жөн. Өйткені Құранда: «Шынында, ысырапқорлар шайтандардың бауырлары. Ал шайтан Раббысына рақыметі жоқ малғұн болды», – деп айтылған. (Исра сүресі, 27-аят) Қазақ халқының салтында астың, соның ішінде ас атасы нанның қадірін білу, тіпті қоқымын да қалдырмай түгелдей жеп қою, асты аяқ асты етпеу әдебі әбден орныққан. Ендеше, осынау ізгі салтымыз ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ салиқалы сүннетімен толық үйлесіп, біте-қайнасып жатыр десек қателеспейміз.
Түсіндірме (орысша)
обычай аккуратно облизывать пальцы после еды и съедать всё дочиста, не оставляя даже следов пищи, характерен для тех случаев, когда едят руками. Известно, что в прежние времена люди преимущественно ели руками. В культуре питания казахского народа также издревле существовал обычай есть руками. В особенности традиция есть мясо руками до сих пор сохраняется в южных и западных регионах нашей страны. Слова о том, что человеку не следует оставлять свою пищу шайтану, следует также понимать в переносном смысле: нельзя расточать пищу, лишая её благодати; необходимо ценить каждую милость Аллаха, большую и малую, и тем самым благодарить Его. Ведь в Коране сказано: «Поистине, расточители – братья шайтанов, а шайтан был проклятым и неблагодарным своему Господу» (сура «Исра», 17:27).
В обычаях казахского народа прочно укоренилось бережное отношение к пище, особенно к хлебу, почитаемому главным из всех яств: принято съедать его целиком, не оставляя даже крошек, не бросать пищу под ноги и не попирать её. Поэтому мы не ошибёмся, сказав, что этот благой обычай нашего народа полностью согласуется с достойной сунной нашего почитаемого Пророка ﷺ и неразрывно с ней переплетается.
عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَامَ فِينَا رَسُول اللَّهِ ﷺ بِمَوعِظَةٍ، فَقَالَ: «يَا أيُّهَا النَّاسُ، إِنَّكُمْ مَحْشُورونَ إِلَى اللَّه تَعَالَى حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا «كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ وَعْدًا عَلَيْنَا إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ» [الأنبياء: 103] ألا وَإِنَّ أَوَّلَ الْخَلائِقِ يُكْسى يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِبراهيمُ ﷺ، ألا وَإِنَّهُ سَيُجَاءُ بِرجالٍ مِنْ أُمَّتي فَيُؤخَذُ بِهِمْ ذَاتَ الشَّمالِ، فَأَقُولُ: يَا رَبِّ أَصْحَابِى. فَيُقَالُ: إِنَّكَ لَا تَدْرِى مَا أحْدَثُوا بَعْدَكَ. فَأَقُولُ كَما قَالَ الْعَبْدُ الصَّالِحُ: «وَكُنْتُ عَلَيْهِمْ شَهِيدًا مَا دُمْتُ فِيهِمْ» إِلَى قولِهِ: «العَزِيزُ الْحَكِيمُ» [المائدة: 117 – 118] فَيُقَالُ لِى: إِنَّهُمْ لَمْ يَزَالُوا مُرْتَدِّينَ عَلَى أعْقَابِهِمْ مُنْذُ فَارَقْتَهُمْ»
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ бізге айтқан бір уағызында: «Уа, адамдар! Расында, барлығың (қиямет күні) Алланың алдына жалаңаяқ, жалаңаш және сүндеттелмеген күйде жиналасыңдар (яғни, барлығың қайта тіріліп, есепке тартылу үшін Алланың алдына барасыңдар). «Берген уәдеміз бойынша жаратылыс атаулыны әуел баста қалай жаратсақ, (қиямет күні) сол қалпына қайта келтіреміз. Біз берген уәдемізді сөзсіз орындаймыз» («Әнбия» сүресі, 104-аят). Қиямет күні бүкіл жаратылыстың ішіндегі ең алғаш болып үстіне лыпа жабылатын адам Ибраһим (а.с.) болады. Және сол күні үмбетімнен бір топ адам әкелініп, сол жаққа (тозаққа) жөнелтіледі. Мен: «Уа, Раббым! Бұлар менің үмбетім ғой», – деймін. Сонда маған: «Бұлардың сенен кейін не істеп, не қойғандарын білсең ғой!» – деп айтылады. Сол кезде мен Алланың ізгі пендесі Иса (а.с.) секілді: «Бірге болғанымда, оларға қолымнан келгенше бас-көз болдым. Ал мені Өзіңе қайтарып алған соң, олар бір Өзіңнің бақылауыңда болды. Сен барлық нәрсеге толық куәсің (еш нәрсе Сенің бақылауыңнан тыс қалмайды). Егер оларды азаптасаң, шүбәсіз, олар Сенің құлдарың. Ал егер жарылқап кешірсең, расында, Сен аса үстем, теңдессіз даналық Егесісің» («Мәидә» сүресі, 117-118-аяттар), – деп айтамын. Сонда маған: «Шындығында, Сен дүниеден озғаннан кейін, олар хақ діннен алыстаған үстіне алыстай берді» делінеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 4625; Муслим: 7201; Ахмад: 2096).
Орысша аудармасы
Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что однажды Посланник Аллаха ﷺ, обращаясь к ним с проповедью, сказал: «О люди! Поистине, все вы (в День воскресения) будете собраны перед Аллахом босыми, нагими и необрезанными (то есть все вы будете воскрешены и предстанете перед Аллахом для расчёта). “Как Мы сотворили всё сущее в первый раз, так, согласно данному Нами обещанию, (в День воскресения) вернём его в прежнее состояние. Мы непременно исполним данное Нами обещание” (сура “Анбия”, 21:104).
Первым из всех творений, кого в День воскресения облачат в одежду, будет Ибрахим (мир ему). В тот день приведут группу людей из моей общины и направят налево (в ад). Я скажу: “О Господь мой! Ведь это люди из моей общины!” Тогда мне ответят: “Если бы ты только знал, что они творили после тебя!” И тогда я скажу, как праведный раб Аллаха Иса (мир ему): “Пока я находился среди них, я по мере своих сил присматривал за ними. Когда же Ты возвратил меня к Себе, за ними наблюдал лишь Ты. Ты – Свидетель всего (ничто не остаётся вне Твоего надзора). Если Ты подвергнешь их наказанию, то, несомненно, они – Твои рабы. А если Ты простишь и помилуешь их, то, воистину, Ты – Всемогущий, Обладатель непревзойдённой мудрости” (сура “Маида”, 5:117–118). Тогда мне скажут: “Поистине, после того как ты покинул этот мир, они всё дальше и дальше удалялись от истинной религии”» (Аль-Бухари: 4625; Муслим: 7201; Ахмад: 2096).
عَنْ أَبِى سعيد عَبْد اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ، قَالَ: نَهَى رَسُول اللَّهِ ﷺ عَنِ الْخَذْفِ، وَقَالَ: «إِنَّهُ لَا يَقْتُلُ الصَّيْدَ، وَلَا يَنْكَأُ الْعَدُوَّ، وإِنَّهُ يَفْقَأُ الْعَيْنَ، وَيَكْسِرُ السِّنَّ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.
وَفِى رِوَايَة: أَنَّ قَرِيبًا لابْنِ مُغَفَّل خَذَفَ فَنَهَاهُ، وَقَالَ: إِنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ نَهَى عَن الْخَذْفِ، وَقَالَ: «إِنَّهَا لَا تَصِيدُ صَيدًا» ثُمَّ عادَ، فَقَالَ: أُحَدِّثُكَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْهُ، ثُمَّ عُدْتَ تَخذفُ!؟ لَا أُكَلِّمُكَ أَبَدًا
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид Абдуллаһ ибн Муғаффал (р.а.): «Алла елшісі ﷺ «хазфқа»1 тыйым салып: «Шындығында, ол аңды да өлтірмейді, жауды да жараламайды. Алайда ол көз шығарып, тіс сындырады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6220; Муслим: 5052; Ахмад: 16794).
Басқа бір риуаятта: «Ибн Муғаффалдың (р.а.) бір жақын туысы тас атқан еді, сонда Ибн Муғаффал оған тыйым салып: «Расында, Алла елшісі бұлай тас атуға тыйым салды және: «Шынында, онымен аң аулай алмайсың», – деп айтты», – деді, содан кейін әлгі туысы қайтадан тас атты, сонда ол оған: «Мен саған Алла елшісінің бұған тыйым салғанын айтып тұрсам да, қайтадан тас атудасың ба?! Бұдан былай сенімен әсте сөйлеспеймін!» – деп кейіді», – делінген. (Бұхари: 5479; Муслим: 5053; Ахмад: 2055).
Орысша аудармасы
Абу Саид Абдуллах ибн Мугаффаль (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Посланник Аллаха ﷺ запретил хазф1 и сказал: “Поистине, так не убить дичь и не ранить врага. Однако так можно выбить глаз и сломать зуб”» (Аль-Бухари: 6220; Муслим: 5052; Ахмад: 16794).
В другой версии говорится: «Один из близких родственников Ибн Мугаффаля (да будет доволен им Аллах) стал метать камешки. Ибн Мугаффаль запретил ему это и сказал: “Поистине, Посланник Аллаха ﷺ запретил так метать камешки и сказал: ‘Поистине, так невозможно охотиться на дичь’”. После этого тот родственник снова стал метать камешки. Тогда Ибн Мугаффаль укорил его: “Я говорю тебе, что Посланник Аллаха ﷺ запретил это, а ты снова мечешь камешки?! Отныне я больше никогда не заговорю с тобой!”» (Аль-Бухари: 5479; Муслим: 5053; Ахмад: 2055).
- 1Хазф – сұқ саусақ және бас бармақпен тас ату.
- 1Хазф – метание камешков с помощью указательного и большого пальцев.
عَن عابس بْنِ رَبيعة، قَالَ: رَأَيْتُ عُمَرَ بْنِ الْخطاب يُقَبِّلُ الْحَجَرَ – يَعْنِى: الْأسْوَدَ – وَيَقُولُ: إِنِى أَعْلَمُ أَنَّكَ حَجَرٌ مَا تَنْفَعُ وَلَا تَضُرُّ، وَلَولا أنِّى رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُقَبِّلُكَ مَا قَبَّلْتُكَ
Қазақша аудармасы
Табиғиндерден болған Абис ибн Рабиға (р.а.): «Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) Қағбадағы қара тасты сүйіп тұрып: «Шынында, сенің пайда да, зиян да келтіре алмайтын жай ғана тас екеніңді білемін. Егер Алла елшісінің ﷺ сені сүйгенін көрмесем, бұлай істемес едім» – деп айтқанын естідім», – деген. (Бұхари: 1597; Муслим: 3067; Ахмад: 274).
Орысша аудармасы
Абис ибн Рабиа, один из табиинов (да будет доволен им Аллах), передал: «Я слышал, как Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах), целуя Чёрный камень Каабы, сказал: “Поистине, я знаю, что ты – всего лишь камень, не способный принести ни пользы, ни вреда. Если бы я не видел, как Посланник Аллаха ﷺ целовал тебя, то не стал бы этого делать”» (Аль-Бухари: 1597; Муслим: 3067; Ахмад: 274).