Хадис

Риядус-салихин, № 926

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
153. Марқұмның артынан қатты дауыс шығармай және бет жыртып жоқтамастан жылауға болатындығы жайлы
Нөмірі
№ 926 (қазақша басылым реті)
926
Риядус-салихин, № 926Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عاد سَعْدَ بْنَ عُبَادَةَ، وَمَعَهُ عَبْدُ الرَّحْمَانِ بْنُ عَوفٍ، وَسَعدُ بْنُ أَبِى وَقَّاصٍ، وَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ مَسْعُودٍ فَبَكَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا رَأَى الْقَوْمُ بُكَاءَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بَكَوْا، فَقَالَ: «ألَا تَسْمَعُونَ؟ إِنَّ اللَّهَ لَا يُعَذِّبُ بِدَمْعِ الْعَينِ، وَلَا بِحُزنِ الْقَلبِ، وَلَكِنْ يُعَذِّبُ بِهذَا أَوْ يَرْحَمُ» وَأشَارَ إِلَى لِسَانِهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ өзімен бірге Абдуррахман ибн Ауфты (р.а.), Сағд ибн Әбу Уаққасты (р.а.) және Абдуллаһ ибн Масғудты (р.а.) ертіп, Сағд ибн Убаданың (р.а.) көңілін сұрай барған еді. Алла елшісі науқасты көргенде көз жасына ие бола алмады. Алла елшісінің көзіне жас алғанын көріп, сол жердегілер де қоса жылады. Сонда Алла елшісі: «Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, Алла Тағала көз жасы мен жүректегі қайғы үшін азаптамайды. Ол тек мынау үшін азаптайды немесе мейіріміне бөлейді», – деп тілін көрсетті», – деген (Бұхари, 1304; Муслим, 924).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ вместе с Абдуррахманом ибн Ауфом (да будет доволен им Аллах), Саадом ибн Абу Ваккасом (да будет доволен им Аллах) и Абдуллахом ибн Масудом (да будет доволен им Аллах) отправился навестить Саада ибн Убаду (да будет доволен им Аллах). Увидев больного, Посланник Аллаха ﷺ не смог сдержать слёз. Когда присутствовавшие увидели слёзы на глазах Посланника Аллаха ﷺ, они тоже заплакали. Тогда он сказал: “Разве вы не слышали? Поистине, Аллах Всевышний не наказывает ни за слёзы, ни за скорбь в сердце. Он наказывает или милует лишь за это”, – и указал на свой язык» (Аль-Бухари: 1304; Муслим: 924).