Хадис

Марқұмның артынан қатты дауыс шығармай және бет жыртып жоқтамастан жылауға болатындығы жайлы

О дозволенности плакать по покойному без громких воплей и причитаний, сопровождаемых расцарапыванием лица

Риядус-салихин, 153-тақырып · 3 хадис · № 926–928

Хадистер

أَمَّا النِّيَاحَةُ فَحَرَامٌ وَسَيَأْتِى فِيهَا بَابٌ فِى كِتابِ النَّهْيِ، إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى. وَأَمَّا الْبُكَاءُ فَجَاءَتْ أحَادِيثُ بِالنَّهْيِ عَنْهُ، وَأَنَّ الْمَيِّتَ يُعَذَّبُ بِبُكَاءِ أَهْلِهِ، وَهِيَ مُتَأَوَّلَةٌ ومَحْمُولَةٌ عَلَى مَنْ أوْصَى بِهِ، وَالنَّهْيُ إِنَّمَا هُوَ عَن الْبُكَاءِ الَّذِى فِيهِ نَدْبٌ، أَوْ نِيَاحَةٌ، والدَّليلُ عَلَى جَوَازِ الْبُكَاءِ بِغَيْرِ نَدْبٍ وَلَا نِياحَةٍ أحَادِيثُ كَثِيرَةٌ،: مِنْهَا

Бет жыртып жоқтауға келсек, ол харам. Алла қаласа, ол жайлы «тыйымдар туралы» тарауда айтылады.

Ал жоқтап жылауға келсек, біраз хадистерде олай істеуге болмайтындығы және жақындарының жоқтап жылауы себепті, мәйіттің азапталатыны айтылған. Дегенмен бұл өзін жоқтап жылауды өсиет еткен адамға қатысты деп тәпсірленген. Сондай-ақ хадистердегі қатаң тыйым – қатты дауыс шығарып, бет жыртып жылауға ғана қатысты деп түсінген жөн. Өйткені қатты дауыс шығармай және бет жыртып жоқтамастан, жалпы жылауға болатынын білдіретін көптеген хадистер бар, солардың бірқатары мыналар:

Что касается причитаний, сопровождаемых расцарапыванием лица, то они запретны (харам). Если пожелает Аллах, об этом будет сказано в главе «О запретах».

Что же касается плача с причитаниями, то в ряде хадисов говорится о недопустимости подобных действий и о том, что покойный подвергается мучениям из-за причитаний его близких. Однако это толкуется как относящееся к тому, кто сам завещал близким оплакивать его подобным образом.

Следует также понимать, что строгий запрет, содержащийся в этих хадисах, относится лишь к плачу, сопровождаемому громкими воплями и расцарапыванием лица. Ведь существует множество хадисов, указывающих на дозволенность плача как такового, если он не сопровождается вышеуказанными запретными действиями. Вот некоторые из них:

926
Риядус-салихин, № 926Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عاد سَعْدَ بْنَ عُبَادَةَ، وَمَعَهُ عَبْدُ الرَّحْمَانِ بْنُ عَوفٍ، وَسَعدُ بْنُ أَبِى وَقَّاصٍ، وَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ مَسْعُودٍ فَبَكَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا رَأَى الْقَوْمُ بُكَاءَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بَكَوْا، فَقَالَ: «ألَا تَسْمَعُونَ؟ إِنَّ اللَّهَ لَا يُعَذِّبُ بِدَمْعِ الْعَينِ، وَلَا بِحُزنِ الْقَلبِ، وَلَكِنْ يُعَذِّبُ بِهذَا أَوْ يَرْحَمُ» وَأشَارَ إِلَى لِسَانِهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ өзімен бірге Абдуррахман ибн Ауфты (р.а.), Сағд ибн Әбу Уаққасты (р.а.) және Абдуллаһ ибн Масғудты (р.а.) ертіп, Сағд ибн Убаданың (р.а.) көңілін сұрай барған еді. Алла елшісі науқасты көргенде көз жасына ие бола алмады. Алла елшісінің көзіне жас алғанын көріп, сол жердегілер де қоса жылады. Сонда Алла елшісі: «Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, Алла Тағала көз жасы мен жүректегі қайғы үшін азаптамайды. Ол тек мынау үшін азаптайды немесе мейіріміне бөлейді», – деп тілін көрсетті», – деген (Бұхари, 1304; Муслим, 924).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ вместе с Абдуррахманом ибн Ауфом (да будет доволен им Аллах), Саадом ибн Абу Ваккасом (да будет доволен им Аллах) и Абдуллахом ибн Масудом (да будет доволен им Аллах) отправился навестить Саада ибн Убаду (да будет доволен им Аллах). Увидев больного, Посланник Аллаха ﷺ не смог сдержать слёз. Когда присутствовавшие увидели слёзы на глазах Посланника Аллаха ﷺ, они тоже заплакали. Тогда он сказал: “Разве вы не слышали? Поистине, Аллах Всевышний не наказывает ни за слёзы, ни за скорбь в сердце. Он наказывает или милует лишь за это”, – и указал на свой язык» (Аль-Бухари: 1304; Муслим: 924).

927
Риядус-салихин, № 927Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أُسَامَة بْنِ زَيدٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رُفِعَ إِلَيْهِ ابنُ ابْنَتِهِ وَهُوَ فِى الْمَوتِ، فَفَاضَتْ عَيْنَا رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ لَهُ سَعدٌ: مَا هَذَا يَا رَسُولَ اللَّهِ؟! قَالَ: «هَذِهِ رَحْمَةٌ جَعَلَهَا اللَّهُ تَعَالَى فِى قُلُوبِ عِبَادِهِ، وَإِنَّمَا يَرْحَمُ اللَّهُ مِنْ عِبَادِهِ الرُّحَمَاءَ»

Қазақша аудармасы

Усәма ибн Зәйд (р.а.) былай деген: «Алла елшісіне қызының шетінеген сәбиін ұстатқанда, Алла елшісінің көзі жасқа толады. Сонда Сағд: «Уа, Расулалла! Бұл не?» – деп (Алла елшісінің бұл халіне таңданады). Сонда Алла елшісі оған: «Бұл – Алланың пенделерінің жүрегіне салған мейірімі! Алла пенделерінен тек мейірімді болғандарды ғана мейіріміне бөлейді», – дейді». (Бұхари: 1284; Муслим: 2135; Ахмад: 21776).

Орысша аудармасы

Усама ибн Зайд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ взял на руки умирающего младенца своей дочери, его глаза наполнились слезами. Тогда Саад (удивившись такому состоянию Посланника Аллаха ﷺ) спросил: “О Посланник Аллаха! Что это?” Он ответил: “Это – милосердие, которое Аллах вложил в сердца Своих рабов! Аллах милует лишь милосердных из числа Своих рабов”» (Аль-Бухари: 1284; Муслим: 2135; Ахмад: 21776).

928
Риядус-салихин, № 928Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَخَلَ عَلَى ابْنِهِ إِبْرَاهيمَ وَهُوَ يَجُودُ بِنَفسِهِ، فَجَعَلَتْ عَيْنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ تَذْرِفَان. فَقَالَ لَهُ عبدُ الرحمانِ بْنِ عَوف: وأنت يَا رَسُولَ اللَّهِ؟! فَقَالَ: «يَا ابْنَ عَوْفٍ إِنَّهَا رَحْمَةٌ» ثُمَّ أتْبَعَهَا بأُخْرَى، فَقَالَ: «إِنَّ الْعَيْنَ تَدْمَعُ والقَلب يَحْزنُ، وَلَا نَقُولُ إِلَّا مَا يُرْضِى رَبَّنَا، وَإِنَّا لِفِرَاقِكَ يَا إِبرَاهِيمُ لَمَحزُونُونَ»

والأحاديث فِى الْباب كَثِيرة فِى الصحيح مشهورة، واللَّه أعلم

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ ауыр тыныстап, хал үстінде жатқан баласы Ибраһимді көруге кіргенде, әкелік мейірімнен көзі жасқа толды. Мұны көрген Абдуррахман ибн Ауф (р.а.): «Уа, Расулалла! Сіз де көзіңізге жас аласыз ба?» – деді. Сонда Расулалла ﷺ оған: «Уа, Ибн Ауф! Бұл (көз жасы) әкелік мейірім ғой», – деді де, расында, жанардан жас парлайды, жүрек болса мұңға батып, қайғырады. Алайда біз Раббымызды разы ететін сөзді ғана айтамыз. Уа, Ибраһим! Біз сенен айырылып қалғанымыз үшін қайғырамыз», – деп айтты», – деген (Бұхари, 1303; Муслим, 2315).

Бұл тарауға қатысты хадистер «Сахих» жинақтарында көптеп кездеседі және мәшһүр. Алла бәрінен жақсы білуші!

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ вошёл проведать своего сына Ибрахима, который тяжело дышал, находясь при смерти, его глаза наполнились слезами от отцовской нежности. Увидев это, Абдуррахман ибн Ауф (да будет доволен им Аллах) спросил: “О Посланник Аллаха! И ты тоже плачешь?” Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “О Ибн Ауф! Эти слёзы – проявление отцовской милости”. Затем он вновь прослезился и сказал: “Поистине, глаза проливают слёзы, а сердце погружается в скорбь. Однако мы говорим лишь то, чем доволен наш Господь. О Ибрахим! Поистине, мы скорбим из-за разлуки с тобой”» (Аль-Бухари: 1303; Муслим: 2315).

Хадисы, относящиеся к этой главе, во множестве приводятся в сборниках «Сахих» и широко известны. Аллах знает лучше!