Хадис

Мәйіттің жанында тұрғанда және жақыны өлген адамға не айту керектігі жайында

О том, что следует говорить, находясь рядом с покойным, и что следует говорить тому, у кого умер близкий человек

Риядус-салихин, 152-тақырып · 5 хадис · № 921–925

Хадистер

921
Риядус-салихин, № 921Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُم سَلَمة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا حَضَرتُمُ الْمَرِيضَ أَو الْمَيِّتَ، فَقُولُوا خَيْرًا، فَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ يُؤَمِّنُونَ عَلَى مَا تَقُولُونَ»، قَالَتْ: فَلَمَّا مَاتَ أَبُو سلَمة، أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ، فقلت: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ أَبَا سَلَمَة قَدْ مَاتَ، قَالَ: «قُولِى: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِى وَلَهُ، وَأعْقِبْنِى مِنْهُ عُقْبى حَسَنَةً» فَقُلْتُ، فَأعْقَبنِى اللَّهُ مَنْ هُوَ خَيْرٌ لِى مِنْهُ: مُحَمَّدًا ﷺ

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Науқасқа (яки мәйітке) барғандарыңда, қайырылы болсын деп айтыңдар, өйткені періштелер сендердің айтқан сөздеріңе «әумин» (қабыл болсын) деп тұрады», – деген еді. Содан Әбу Сәләмә қайтыс болғанда, Пайғамбарымызға барып: «Уа, Расулалла! Әбу Сәләмә қайтыс болды!» – дедім. Сонда Ол маған: «Аллаһуммағфир ли уә ләһу, уә ақибний минһу уқба хасана» (Уа, Алла! Мені де, оны да кешіре көр! Сондай-ақ мен үшін оның артын қайырлы қыла көр!)», – деп дұға тіле», – деді. Мен солай тіледім. Содан Алла маған мен үшін одан да қайырлы болған жанды – Мұхаммедті ﷺ нәсіп етті», – деген (Муслим, 919).

Орысша аудармасы

Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Когда будете находиться рядом с больным (или покойным), произносите лишь благие слова, ибо ангелы говорят ‘амин’ (да будет принято) на всё, что вы произносите”. Когда Абу Салама умер, я пришла к Пророку ﷺ и сказала: “О Посланник Аллаха! Абу Салама умер!” Тогда он сказал мне: “Обратись с такой мольбой: ‘Аллахумма гфир ли ва ляху, ва акибни минху укба хасана’ (О Аллах! Прости и меня, и его! И даруй мне после него благую замену!)”. Я произнесла эту мольбу, и Аллах даровал мне того, кто был для меня лучше него, – Мухаммада ﷺ» (Муслим: 919).

922
Риядус-салихин, № 922Риуаят етуші: Үммі Сәләма

وَعَنْهَا، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا مِنْ عَبْدٍ تُصيبُهُ مُصِيبَةٌ، فَيَقُولُ: إِنّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ، اللَّهُمَّ أُجِرْنِى فِى مُصِيبَتي وَاخْلفْ لِى خَيرًا مِنْهَا، إِلَّا أَجَرَهُ اللَّهُ تَعَالَى فِى مُصِيبَتِهِ وَأخْلَفَ لَهُ خَيْرًا مِنْهَا» قَالَتْ: فَلَمَّا تُوُفِّيَ أَبُو سَلَمَة قُلْتُ كَمَا أَمَرَنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَأخْلَفَ اللَّهُ لِى خَيْرًا مِنْهُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Алланың қайсыбір пендесінің басына қайғы келгенде: «Расында, бәріміз Аллаға тәнбіз және соңында Аллаға қайтамыз. Уа, Алла Тағалам! Мына қайғымда маған сауаптан жазып, мен үшін артын қайырлы қылғайсың», – деп дұға етсе, Алла Тағала сол қайғысы үшін оған сауап жазып, міндетті түрде артын қайырлы қылады», – деп айтқанын естіген едім. Күйеуім Әбу Сәләма (р.а.) қайтыс болғанда, Алла елшісі бұйырғандай дұға қылдым. Соңында, Алла Тағала Әбу Сәләмадан да қайырлы болған Алла елшісін маған өмірлік жар қылды», – деген (Муслим, 2127).

Орысша аудармасы

Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) передала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кого-либо из рабов Аллаха постигнет горе и он скажет: ‘Поистине, все мы принадлежим Аллаху и к Нему возвратимся (Коран, 2:156). О Аллах! Вознагради меня за постигшее меня горе и даруй мне взамен нечто лучшее’, – Аллах непременно вознаградит его за это горе и дарует ему взамен нечто лучшее”. Когда умер мой супруг Абу Салама (да будет доволен им Аллах), я произнесла эту молитву так, как велел Посланник Аллаха ﷺ. Впоследствии Аллах даровал мне в супруги Посланника Аллаха ﷺ, который был лучше Абу Саламы» (Муслим: 2127).

923
Риядус-салихин, № 923Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا مَاتَ وَلَدُ الْعَبْدِ، قَالَ اللَّهُ تَعَالَى لِمَلَائِكَتِهِ: قَبَضْتُمْ وَلَدَ عَبْدِى؟ فيَقُولُونَ: نَعَمْ. فيَقُولُ: قَبَضْتُمْ ثَمَرَة فُؤَادِهِ؟ فيَقُولُونَ: نَعَمْ. فيَقُولُ: مَاذَا قَالَ عَبْدِى؟ فيَقُولُونَ: حَمدَكَ وَاسْتَرْجَعَ. فيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: ابْنُوا لِعَبْدِى بَيْتًا فِى الْجَنَّةِ، وَسَمُّوهُ بَيْتَ الْحَمْدِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мүміннің бауыр еті баласы қайтыс болғанда, Алла Тағала періштелерінен: Пендемнің баласының жанын сендер алдыңдар ма?» – деп сұрайды. Періштелері: «Иә, біз алдық», – деп жауап береді. Алла Тағала оларға: «Демек, оның бауыр етін алған екенсіңдер ғой?» – дейді. Періштелері тағы да «Иә» деп тіл қатады. Алла Тағала олардан: «Бұған пендем не деп айтты?» – деп сұрайды. Ол Саған мадақ айтып: «Бәріміз Аллаға тәнбіз және бәріміз де (уақыты келгенде) Оған ораламыз», – деп айтты», – дейді періштелер. Сонда Алла Тағала: «Ендеше, пендем үшін жаннаттан зәулім сарай салыңдар да, оны «Бәйтул-хамд» (мадақ сарайы) деп атаңдар», – деп бұйырады», – деген (Тирмизи, 36).

Орысша аудармасы

Абу Муса (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда у верующего умирает родное дитя, Аллах Всевышний спрашивает Своих ангелов: “Вы забрали душу ребёнка Моего раба?” Ангелы отвечают: “Да, мы забрали её”. Тогда Аллах Всевышний говорит им: “Значит, вы забрали частицу его сердца?” Ангелы вновь отвечают: “Да”. Затем Аллах Всевышний спрашивает их: “И что же сказал на это Мой раб?” Ангелы отвечают: “Он воздал Тебе хвалу и сказал: ‘Все мы принадлежим Аллаху и все мы (когда придёт срок) возвратимся к Нему’ (Коран, 2:156)”. Тогда Аллах Всевышний повелевает: “Постройте для Моего раба величественный дворец в раю и назовите его ‘Байтуль-хамд’ (дворец хвалы)”» (Ат-Тирмизи: 36).

924
Риядус-салихин, № 924Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: مَا لِعَبْدِى الْمُؤْمِن عِنْدِى جَزَاءٌ إِذَا قَبَضْتُ صَفِيَّهُ مِنْ أَهْل الدُّنْيَا، ثُمَّ احْتَسَبَهُ إِلَّا الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Расында, Алла Тағала: «Дүниедегі сүйіктісін алып қойған кезімде, сауабын үміт етіп сабыр еткен мүмін пендеме Менің құзырымда жаннаттан басқа өтем жоқ» дейді», – дегенін жеткізеді (Бұхари: 6424; Ахмад: 9393).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний говорит: “Когда Я забираю у Моего верующего раба любимого им человека в этом мире, а он проявляет терпение, надеясь на награду от Меня, у Меня нет для него иного воздаяния, кроме рая”» (Аль-Бухари: 6424; Ахмад: 9393).

925
Риядус-салихин, № 925Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أسَامَة بْنِ زَيدٍ، قَالَ: أَرْسَلَتْ إِحْدى بَنَاتِ النَّبِيِّ ﷺ إِلَيْهِ تَدْعُوهُ وَتُخْبِرُهُ أَنَّ صَبِيًَّا لَهَا – أَوْ ابْنًا – فِى الْمَوْتِ فَقَالَ للرَسُول: «ارْجِعْ إِلَيْهَا، فَأخْبِرْهَا أَنَّ لِلَّهِ تَعَالَى مَا أَخَذَ وَلَهُ مَا أعْطَى، وَكُلُّ شَيْءٍ عِنْدَهُ بِأجَلٍ مُسَمّى، فَمُرْهَا، فَلْتَصْبِرْ وَلْتَحْتَسِبْ»

Қазақша аудармасы

Усәма ибн Зәйд былай деген: «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ қыздарының бірі әкесіне: «Балам өлім аузында жатыр, бізге келіңізші!» – деп хабаршы жібереді. Сонда Алла елшісі ﷺ хабаршыға: «Қызыма бар да: Алғаны да, бергені де бір Аллаға тиесілі! Оның дәргейінде барлық нәрсе білгілі бір мерзіммен межеленген. Сондықтан сабыр етіп, соның әжір-сауабын бір Алладан күтсін деп айт», – дейді1. (Бұхари: 1284; Муслим: 2135; Ахмад: 21776).

Орысша аудармасы

Усама ибн Зайд передал: «Однажды одна из дочерей Пророка ﷺ отправила к отцу посланца со словами: “Мой ребёнок при смерти, придите к нам!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел посланцу: “Ступай к моей дочери и скажи ей: ‘Поистине, Аллаху одному принадлежит и то, что Он забрал, и то, что Он даровал! У Него для всего установлен определённый срок. Пусть же она проявляет терпение и ожидает награды только от Аллаха’”»1 (Аль-Бухари: 1284; Муслим: 2135; Ахмад: 21776).

  1. 1Бұл хадистің толық нұсқасында Алла елшісі бірнеше сахабасын ертіп қызының үйіне барады. Барған бойда өлім аузында жатқан немересін құшағына алып, қос жанары жасқа толып, қайғырады.
  1. 1В полной версии этого хадиса Посланник Аллаха ﷺ вместе с несколькими сподвижниками приходит в дом дочери. Едва войдя, он берёт на руки умирающего внука; его глаза наполняются слезами от скорби.