Хадис

Риядус-салихин, № 880

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
142. Түшкірген адамға игі тілек айту, түшкіру және есінеу әдебі жайлы
Нөмірі
№ 880 (қазақша басылым реті)
880
Риядус-салихин, № 880Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِذَا عَطَسَ أَحَدُكُمْ فَلْيَقُلْ: الْحَمْدُ للهِ، وَلْيَقُلْ لَهُ أخُوهُ أَوْ صَاحِبُهُ: يَرْحَمُكَ اللَّه. فإِذَا قَالَ لَهُ: يَرْحَمُكَ اللَّهُ، فَليَقُلْ: يَهْدِيكُمُ اللَّهُ وَيُصْلِحُ بَالَكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Араларыңнан әлдекім түшкірсе: «Әлхәмдулиллә» деп (Аллаға мадақ айтсын). Ал қасындағы бауыры немесе досы оған «Иархамукалла» (Алла сені мейіріміне бөлесін!) деп айтсын. Бауыры: «Иархамукалла», – деп (игі тілек тілесе), түшкірген адам оған: «Иаһдикумуллаһу уә юслиху бәләкум» (Алла сізді әркез тура жолға салып, ақыл-ойыңызды оңдасын!) деп (қарымта тілек айтсын)», – деген екен (Бұхари, 6224).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас чихнёт, пусть скажет: “Альхамдулиллях” (воздав тем самым хвалу Аллаху). А находящийся рядом брат или друг пусть скажет ему: “Ярхамукаллах” (да помилует тебя Аллах). Если его брат скажет: “Ярхамукаллах” (пожелав ему блага), пусть чихнувший (в качестве ответного благопожелания) скажет ему: “Йахдикумуллаху ва юслиху балякум” (да направит вас Аллах всегда на прямой путь и приведёт ваши мысли в порядок!)» (Аль-Бухари: 6224).