Хадис

Риядус-салихин, № 879

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
142. Түшкірген адамға игі тілек айту, түшкіру және есінеу әдебі жайлы
Нөмірі
№ 879 (қазақша басылым реті)
879
Риядус-салихин, № 879Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة -رضي اللَّه عَنْهُ أنَّ النَّبِيَّّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّه يُحِبُّ الْعُطَاسَ، وَيَكْرَهُ التَّثَاؤُبَ، فَإِذَا عَطَسَ أَحَدُكُمْ وَحَمِدَ اللَّه تَعَالَى كَانَ حَقًّا عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ سَمِعَهُ أَنْ يَقُولَ لَهُ: يَرْحَمُكَ اللَّهُ، وَأَمَّا التَّثَاؤُبُ فَإِنَّمَا هُوَ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَإِذَا تَثَاءبَ أَحَدُكُمْ فَلْيَرُدَّهُ مَا اسْتَطَاعَ، فَإِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا تَثَاءبَ ضَحِكَ مِنْهُ الشَّيْطَانُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Шынында, Алла түшкіргенді жақсы көреді, ал есінегенді жақтырмайды. Қайсыбірің түшкіріп, артынша Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтатын болса, оны естіген әрбір мұсылман оған: «Иархамукалла»1 (Алла сені мейіріміне бөлесін), – деп айтуы керек. Ал есінеуге келсек, шынында ол – шайтаннан. Қайсыбірің есінегісі келсе, оны шамасы келгенше тежесін. Өйткені араларыңнан біреу есінегенде, шайтан оған күледі», – деп айтқан (Бұхари, 6223).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, Аллах любит чихание и не любит зевоту. Если кто-либо из вас чихнёт, а затем воздаст Аллаху хвалу и благодарность, каждый мусульманин, услышавший это, должен сказать ему: “Ярхамукаллах”1 (да помилует тебя Аллах). Что же касается зевоты, то она, поистине, – от шайтана. Если кому-либо из вас захочется зевнуть, пусть сдерживает зевоту, насколько сможет. Ведь когда кто-либо из вас зевает, шайтан смеётся над ним» (Аль-Бухари: 6223).

Түсіндірме (қазақша)

Мұндағы «есінеу – шайтаннан» деген, шайтан адамның есінегенін қалайды және ұнатады дегенді білдіреді. Өйткені адамның есінеуі көп жағдайда тамаққа әбден тойып алғанда, сөйтіп өзін ауыр сезініп, ұйқысы келіп, жалқауланғанда орын алады. Адамның мұндай жағдайда болуы, әсіресе, құлшылық жасау барысында сондай халде болуы шайтанға ұнайды. Сол себепті хадисте есінеу шайтанға телінген.

Түсіндірме (орысша)

слова «зевота – от шайтана» означают, что шайтан желает, чтобы человек зевал, и любит это. Ведь обычно человек зевает, когда наестся досыта, вследствие чего ощущает тяжесть, его клонит ко сну и им овладевает лень. Шайтану нравится такое состояние человека, особенно когда тот пребывает в нём во время поклонения. Именно поэтому в хадисе зевота отнесена к шайтану.

  1. 1Қазақша «Жәрәкім Алла» деп айтылады.
  1. 1По-казахски говорят: «Жәрәкім Алла».