Хадис

Риядус-салихин, № 875

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
141. Есік қағып, кіруге рұқсат сұрағанда аты-жөнді айтудың сүннет екендігі жайлы
Нөмірі
№ 875 (қазақша басылым реті)
875
Риядус-салихин, № 875Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس فِى حَدِيثه الْمشهور فِى الْإِسراءِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثُمَّ صَعَدَ بي جِبْرِيلُ إِلَى السَّمَاءِ الدُّنْيَا فَاسْتَفْتَحَ، فقِيلَ: مَنْ هذَا؟ قَالَ: جِبْرِيلُ، قِيلَ: وَمَنْ مَعَكَ؟ قَالَ: مُحَمَّدٌ، ثُمَّ صَعَدَ إِلَى السَّمَاءِ الثَّانِيَةِ فاسْتَفْتَحَ، قِيلَ: مَنْ هَذَا؟ قَالَ: جِبْرِيل، قِيلَ: وَمَنْ مَعَكَ؟ قَالَ: مُحَمَّدٌ وَالثَّالِثَةِ وَالرَّابِعَةِ وَسَائِرِهنَّ وَيُقَالُ فِى بَابِ كُلِّ سَمَاءٍ: مَنْ هَذَا؟ فَيَقُولُ: جِبْرِيلُ»

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) Исра оқиғасы жайлы жеткізген мәшһүр хадисінде: «Алла елшісі ﷺ былай деген: «Содан соң Жәбірейіл мені дүние аспанына алып шықты да, (келесі аспанның) қақпасын қақты. (Сақшы періште): «Бұл кім?» – дегенде, ол: «Жәбірейіл», – деді, (сақшы періште): «Қасыңдағы кім?» – дегенде: «Мұхаммед», – деді. Содан соң екінші аспанға көтерілді де, (келесі аспанның) қақпасын қақты. Сондағы (сақшы періште): «Бұл кім?» – дегенде, ол: «Жәбірейіл», – деді, (сақшы періште): «Қасыңдағы кім?» – дегенде: «Мұхаммед», – деді. Содан кейін үшінші, төртінші және аспанның қалған қабаттарына көтерілгенде де, әр аспанның қақпасында (сақшы періштелер): «Бұл кім?» – деп сұрағанда, (Жәбірейіл барлығына): «Бұл Жәбірейіл», – деп жауап беріп отырды» (Бұхари, 3207; Муслим, 162).

Орысша аудармасы

В известном хадисе об Исре, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Затем Джибрил вознёс меня к ближайшему небу и попросил открыть врата (этого неба). (Ангел-хранитель) спросил: “Кто это?” Он ответил: “Джибрил”. (Ангел-хранитель) спросил: “Кто с тобой?” Он ответил: “Мухаммад”. Затем он поднялся ко второму небу и попросил открыть врата (этого неба). Находившийся там (ангел-хранитель) спросил: “Кто это?” Он ответил: “Джибрил”. (Ангел-хранитель) спросил: “Кто с тобой?” Он ответил: “Мухаммад”. После этого, когда он поднимался к третьему, четвёртому и остальным небесам, у врат каждого неба (ангелы-хранители) спрашивали: “Кто это?”, а (Джибрил) каждый раз отвечал: “Это Джибрил”» (Аль-Бухари: 3207; Муслим: 162).