Хадис

Есік қағып, кіруге рұқсат сұрағанда аты-жөнді айтудың сүннет екендігі жайлы

О том, что, стучась в дверь и прося разрешения войти, следует по сунне назвать своё имя

Риядус-салихин, 141-тақырып · 4 хадис · № 875–878

Хадистер

875
Риядус-салихин, № 875Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس فِى حَدِيثه الْمشهور فِى الْإِسراءِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثُمَّ صَعَدَ بي جِبْرِيلُ إِلَى السَّمَاءِ الدُّنْيَا فَاسْتَفْتَحَ، فقِيلَ: مَنْ هذَا؟ قَالَ: جِبْرِيلُ، قِيلَ: وَمَنْ مَعَكَ؟ قَالَ: مُحَمَّدٌ، ثُمَّ صَعَدَ إِلَى السَّمَاءِ الثَّانِيَةِ فاسْتَفْتَحَ، قِيلَ: مَنْ هَذَا؟ قَالَ: جِبْرِيل، قِيلَ: وَمَنْ مَعَكَ؟ قَالَ: مُحَمَّدٌ وَالثَّالِثَةِ وَالرَّابِعَةِ وَسَائِرِهنَّ وَيُقَالُ فِى بَابِ كُلِّ سَمَاءٍ: مَنْ هَذَا؟ فَيَقُولُ: جِبْرِيلُ»

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) Исра оқиғасы жайлы жеткізген мәшһүр хадисінде: «Алла елшісі ﷺ былай деген: «Содан соң Жәбірейіл мені дүние аспанына алып шықты да, (келесі аспанның) қақпасын қақты. (Сақшы періште): «Бұл кім?» – дегенде, ол: «Жәбірейіл», – деді, (сақшы періште): «Қасыңдағы кім?» – дегенде: «Мұхаммед», – деді. Содан соң екінші аспанға көтерілді де, (келесі аспанның) қақпасын қақты. Сондағы (сақшы періште): «Бұл кім?» – дегенде, ол: «Жәбірейіл», – деді, (сақшы періште): «Қасыңдағы кім?» – дегенде: «Мұхаммед», – деді. Содан кейін үшінші, төртінші және аспанның қалған қабаттарына көтерілгенде де, әр аспанның қақпасында (сақшы періштелер): «Бұл кім?» – деп сұрағанда, (Жәбірейіл барлығына): «Бұл Жәбірейіл», – деп жауап беріп отырды» (Бұхари, 3207; Муслим, 162).

Орысша аудармасы

В известном хадисе об Исре, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Затем Джибрил вознёс меня к ближайшему небу и попросил открыть врата (этого неба). (Ангел-хранитель) спросил: “Кто это?” Он ответил: “Джибрил”. (Ангел-хранитель) спросил: “Кто с тобой?” Он ответил: “Мухаммад”. Затем он поднялся ко второму небу и попросил открыть врата (этого неба). Находившийся там (ангел-хранитель) спросил: “Кто это?” Он ответил: “Джибрил”. (Ангел-хранитель) спросил: “Кто с тобой?” Он ответил: “Мухаммад”. После этого, когда он поднимался к третьему, четвёртому и остальным небесам, у врат каждого неба (ангелы-хранители) спрашивали: “Кто это?”, а (Джибрил) каждый раз отвечал: “Это Джибрил”» (Аль-Бухари: 3207; Муслим: 162).

876
Риядус-салихин, № 876Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذرٍّ قَالَ: خَرَجْتُ لَيْلَةً مِنَ اللَّيَالِى، فَإِذَا رَسُول اللَّهِ ﷺ يَمْشِى وَحْدَهُ، فَجَعَلْتُ أمْشِى فِى ظلِّ الْقمَرِ، فَالْتَفَتَ فَرَآنِى، فَقَالَ: «مَنْ هَذَا؟» فَقُلْتُ: أَبُو ذَرٍّ

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Түндердің бір түні (үйімнен шықсам) Алла елшісі ﷺ жалғыз өзі кетіп бара жатыр екен. Содан мен ай сәулесінен жасырынып, оның артынан жүрдім. Бір кезде артына бұрылып, мені көрді де: «Бұл кім?» – деді. Мен дереу: «Әбу Зәррмын ғой», – дедім» (Бұхари, 6443; Муслим, 94).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды ночью (выйдя из дома) я увидел, что Посланник Аллаха ﷺ куда-то идёт один. Я последовал за ним, стараясь не попадать в лунный свет. В какой-то момент он обернулся, увидел меня и спросил: “Кто это?” Я сразу ответил: “Это я, Абу Зарр”» (Аль-Бухари: 6443; Муслим: 94).

877
Риядус-салихин, № 877

عَنْ أُمِّ هانىءٍ، قَالَتْ: أتيتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ يَغْتَسِلُ وَفَاطِمَةُ تَسْتُرُهُ، فَقَالَ: «مَنْ هَذِهِ؟» فَقُلْتُ: أنا أُمُّ هَانِىءٍ

Қазақша аудармасы

Үммі Һәни (р.а.) былай деген: «Бірде Пайғамбарға ﷺ барсам, ғұсыл құйынып жатыр екен, ал Фатима оны (кең көйлекпен) жауып, қалқалап тұр екен. Алла елшісі: «Бұл кім?» – дегенде: «Мен ғой, Үммі Һәни», – деп жауап бердім» (Бұхари, 280; Муслим, 336).

Орысша аудармасы

Умм Хани (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды я пришла к Пророку ﷺ и увидела, что он совершает полное омовение, а Фатима заслоняет его (широкой рубахой). Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Кто это?” Я ответила: “Это я, Умм Хани”» (Аль-Бухари: 280; Муслим: 336).

878
Риядус-салихин, № 878Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَدَقَقْتُ الْبَابَ، فَقَالَ: «مَنْ هَذَا؟» فَقُلتُ: أَنَا، فَقَالَ: «أَنَا أنَا» كَأَنَّهُ كَرِهَهَا

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Бір күні Пайғамбарымыздың ﷺ үйіне келіп, есік қақтым. Ол: «Бұл кім?» – дегенде, «Мен», – деп жауап бердім. Сонда Алла елшісі менің жауабымды ұнатпаған болуы керек, «Мен, мен», – деп екі рет қайталады», – деген (Бұхари, 17; Муслим, 38).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я пришёл к дому Пророка ﷺ и постучал в дверь. Он спросил: “Кто это?” Я ответил: “Я”. Тогда Посланнику Аллаха ﷺ, должно быть, не понравился мой ответ, и он дважды повторил: “Я, я”» (Аль-Бухари: 17; Муслим: 38).