عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَبْدَأُوا الْيَهُودَ وَلَا النَّصَارَى بالسَّلَامِ، فَإِذَا لَقِيتُمْ أَحَدَهُمْ فِى طَرِيق فَاضطَرُّوهُ إِلَى أَضْيَقِهِ»
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Яһудилер мен христиандарға бірінші болып сәлем бермеңдер. Ал егер олардың бірімен жол үстінде кездессеңдер, оны (жолдың) шетіне қарай ығыстырыңдар», – деген. (Муслим, 2167).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не приветствуйте первыми иудеев и христиан. А если встретите кого-либо из них на дороге, оттесните его к краю (дороги)» (Муслим: 2167).
Түсіндірме (қазақша)
Бұл хадис белгілі жағдайға қатысты айтылған, яғни хадисте меңзелген яһудилер мен христиандарды мұсылмандарға дұшпан болған немесе мұсылмандармен соғыс жағдайында болған яһудилер мен христиандар деп түсінген жөн. Өйткені Құранда Алла Тағала мұсылмандарға: «Алла сендерді өздеріңмен дін үшін соғыспаған және ата-қоныстарыңнан қуып шығармаған қауымдарға жақсылық жасаудан, һәм де оларға әділ болудан тыйымайды», – деп айтқан. Кейбір ғалымдар осы аятты алға тартып, өзге дін өкілдерімен амандасуға болады деген ұстанымда болған. Сондай-ақ Алла елшісі: «Шынында, Алла Тағала сәлемді үмбетім үшін қошемет, зыммилер (мұсылмандарға қараған өзге дін өкілдері, соның ішінде яһудилер мен христиандар) үшін амандықтың кепілі қылды», – деп айтқан. Бірде Алла елшісі ﷺ арасында мұсылмандар, мүшріктер және яһудилер де болған бір жиынның қасынан өтіп бара жатып, оларға сәлем берген. Әбу Үмәмә деген сахаба алдынан шыққан мұсылманға да, мұсылман емес адамға да, үлкенге де, кішіге де сәлем беретін болған екен. Демек, жоғарыдағы хадисті аталған аят және хадистер негізінде пайымдап, түсіну керекпіз.
Түсіндірме (орысша)
этот хадис был произнесён применительно к определённой ситуации. Иными словами, под упомянутыми в нём иудеями и христианами следует понимать тех из них, кто враждовал с мусульманами или находился с ними в состоянии войны. Ведь в Коране Аллах Всевышний сказал мусульманам: «Аллах не запрещает вам проявлять доброту и поступать справедливо с теми, кто не сражался с вами из-за религии и не изгонял вас из родных земель» (сура «Мумтахана», 60:8).
Некоторые учёные, опираясь на этот аят, придерживались мнения, что приветствовать представителей других религий дозволено. Посланник Аллаха ﷺ также сказал: «Поистине, Аллах Всевышний сделал салям приветствием для моей общины, а для зиммиев (представителей других религий, находящихся под властью мусульман, в том числе иудеев и христиан) – гарантией безопасности».
Однажды Посланник Аллаха ﷺ, проходя мимо собрания, в котором находились мусульмане, многобожники и иудеи, поприветствовал их. Сподвижник по имени Абу Умама приветствовал каждого, кто встречался ему на пути: и мусульманина, и немусульманина, и старшего, и младшего. Следовательно, приведённый выше хадис следует осмыслять и понимать в свете этого аята и упомянутых хадисов.