Хадис

Өзге дін өкілдеріне сәлем беру әдебі

Об этикете приветствия представителей других религий

Риядус-салихин, 138-тақырып · 3 хадис · № 867–869

Хадистер

867
Риядус-салихин, № 867Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَبْدَأُوا الْيَهُودَ وَلَا النَّصَارَى بالسَّلَامِ، فَإِذَا لَقِيتُمْ أَحَدَهُمْ فِى طَرِيق فَاضطَرُّوهُ إِلَى أَضْيَقِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Яһудилер мен христиандарға бірінші болып сәлем бермеңдер. Ал егер олардың бірімен жол үстінде кездессеңдер, оны (жолдың) шетіне қарай ығыстырыңдар», – деген. (Муслим, 2167).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не приветствуйте первыми иудеев и христиан. А если встретите кого-либо из них на дороге, оттесните его к краю (дороги)» (Муслим: 2167).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадис белгілі жағдайға қатысты айтылған, яғни хадисте меңзелген яһудилер мен христиандарды мұсылмандарға дұшпан болған немесе мұсылмандармен соғыс жағдайында болған яһудилер мен христиандар деп түсінген жөн. Өйткені Құранда Алла Тағала мұсылмандарға: «Алла сендерді өздеріңмен дін үшін соғыспаған және ата-қоныстарыңнан қуып шығармаған қауымдарға жақсылық жасаудан, һәм де оларға әділ болудан тыйымайды», – деп айтқан. Кейбір ғалымдар осы аятты алға тартып, өзге дін өкілдерімен амандасуға болады деген ұстанымда болған. Сондай-ақ Алла елшісі: «Шынында, Алла Тағала сәлемді үмбетім үшін қошемет, зыммилер (мұсылмандарға қараған өзге дін өкілдері, соның ішінде яһудилер мен христиандар) үшін амандықтың кепілі қылды», – деп айтқан. Бірде Алла елшісі ﷺ арасында мұсылмандар, мүшріктер және яһудилер де болған бір жиынның қасынан өтіп бара жатып, оларға сәлем берген. Әбу Үмәмә деген сахаба алдынан шыққан мұсылманға да, мұсылман емес адамға да, үлкенге де, кішіге де сәлем беретін болған екен. Демек, жоғарыдағы хадисті аталған аят және хадистер негізінде пайымдап, түсіну керекпіз.

Түсіндірме (орысша)

этот хадис был произнесён применительно к определённой ситуации. Иными словами, под упомянутыми в нём иудеями и христианами следует понимать тех из них, кто враждовал с мусульманами или находился с ними в состоянии войны. Ведь в Коране Аллах Всевышний сказал мусульманам: «Аллах не запрещает вам проявлять доброту и поступать справедливо с теми, кто не сражался с вами из-за религии и не изгонял вас из родных земель» (сура «Мумтахана», 60:8).

Некоторые учёные, опираясь на этот аят, придерживались мнения, что приветствовать представителей других религий дозволено. Посланник Аллаха ﷺ также сказал: «Поистине, Аллах Всевышний сделал салям приветствием для моей общины, а для зиммиев (представителей других религий, находящихся под властью мусульман, в том числе иудеев и христиан) – гарантией безопасности».

Однажды Посланник Аллаха ﷺ, проходя мимо собрания, в котором находились мусульмане, многобожники и иудеи, поприветствовал их. Сподвижник по имени Абу Умама приветствовал каждого, кто встречался ему на пути: и мусульманина, и немусульманина, и старшего, и младшего. Следовательно, приведённый выше хадис следует осмыслять и понимать в свете этого аята и упомянутых хадисов.

868
Риядус-салихин, № 868Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا سَلَّمَ عَلَيْكُمْ أَهْلُ الْكِتَابِ فَقُولُوا: وَعَلَيْكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Егер сендерге Кітап иелері сәлем беретін болса: «Сіздерге де (соны тілейміз)...» (уә аләйкум...), – деп жауап беріңдер», – деп айтты», – деген. (Бұхари, 6258; Муслим, 2163).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если люди Писания поприветствуют вас, отвечайте им: ‘И вам (желаем того же)…’ (ва алейкум…)”» (Аль-Бухари: 6258; Муслим: 2163).

Түсіндірме (қазақша)

Өйткені, кезінде кейбір арам пиғылды Кітап иелері Пайғамбарымызға және мұсылмандарға «әссәләму аләйкум» дегендей болып, негізінде: «Сам алейкум», яғни «сендерге өлім тілейміз» деген қарғыс сөзді айтатын болған...

Түсіндірме (орысша)

в те времена некоторые злонамеренные люди Писания, обращаясь к Пророку ﷺ и мусульманам, произносили слова так, будто говорили: «Ассаляму алейкум», тогда как на самом деле говорили: «Сам алейкум», то есть проклятие со значением: «Желаем вам смерти»…

869
Риядус-салихин, № 869Риуаят етуші: Усама

عَنْ أُسَامَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ مَرَّ عَلَى مَجْلِسٍ فِيهِ أخْلَاطٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُشْرِكينَ – عَبَدَة الْأَوْثَانِ – واليَهُودِ فَسَلَّمَ عَلَيْهِم النَّبِيُّ ﷺ

Қазақша аудармасы

Усама (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ арасында мұсылмандар, пұтқа табынған мүшріктер және яһудилер де бар бір жиынның қасынан өтіп бара жатып, оларға сәлем берді», – деген.

Орысша аудармасы

Усама (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ, проходя мимо собрания, среди участников которого были мусульмане, многобожники, поклонявшиеся идолам, и иудеи, поприветствовал их».