وَعَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا لَقِيَ أَحَدُكُمْ أخَاهُ فَلْيُسَلِّمْ عَلَيْهِ، فَإِنْ حَالَتْ بَيْنَهُمَا شَجَرَةٌ، أَوْ جِدَارٌ، أَوْ حَجَرٌ، ثُمَّ لَقِيَهُ، فَلْيُسَلِّمْ عَلَيْهِ»
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ: «Қайсыбірің бауырын кезіктірсе, оған сәлем берсін. Егер екеуінің арасын тал, дуал немесе тас бөліп, қайта жүздесетін болса, оған тағы да сәлем берсін», – деп айтқан (Әбу Дәуіт, 5200).
Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас встретит своего брата, пусть поприветствует его. Если затем их разделит дерево, стена или камень и они вновь встретятся, пусть он снова поприветствует его» (Абу Дауд: 5200).
Түсіндірме (қазақша)
Мұнда ұнамды іс деген міндетті түрде істелуі керек іс дегенде білдірмейді. Сондай-ақ бір мәрте амандасқан адаммен қайта-қайта амандасу кейбір жұрттардың салтында болмауы мүмкін. Мысалы, бүгінгі қазақ халқының салты бойынша, кез келген адамға күніне бір мәрте сәлем беру жеткілікті саналады. Бір рет амандасқаннан кейін бір айналып келіп, қайтадан амандасуды көп адамдар ерсі көріп, түсінбей жатады. Әр елдің салты басқа дегендей, мұндай дінде міндетті болмаған мәселелерді адамдардың салт-санасы мен түсініктеріне қарай ескеріп, соған қарай әрекет еткен жөн.
Түсіндірме (орысша)
то, что это действие является желательным, не означает, что его непременно следует совершать. Кроме того, обычай многократно приветствовать одного и того же человека принят не у всех народов. Например, согласно современному казахскому обычаю, достаточно поприветствовать человека один раз в течение дня. Если после первого приветствия человек ненадолго отойдёт, а затем, вернувшись, поприветствует снова, многие могут счесть это странным и не понять его. Как известно, у каждого народа свои обычаи. Поэтому в подобных вопросах, не являющихся обязательными в религии, следует учитывать традиции, образ мыслей и восприятие людей и поступать сообразно им.