Хадис

Қайта-қайта сәлемдесудің ұнамды іс екендігі жайлы

О желательности повторного приветствия

Риядус-салихин, 134-тақырып · 2 хадис · № 860–861

Хадистер

فَإِذَا دَخَلْتُم بُيُوتًا فَسَلِّمُوا عَلَىٰٓ أَنفُسِكُمْ تَحِيَّةً مِّنْ عِندِ ٱللَّهِ مُبَٰرَكَةً طَيِّبَةً «Үйлеріңе кіргендеріңде бір-біріңе Алланың атынан құт-береке мен игілік тілеп сәлем беріңдер...» («Нұр», 61аят).

«Когда же вы входите в дома, то приветствуйте себя приветствием от Аллаха, благословенным, благим» (сура «Нур», 24:61).

860
Риядус-салихин, № 860Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة فِى حَدِيثِ الْمسِيءِ صلاته: أَنَّهُ جَاءَ فَصَلَّى، ثُمَّ جَاءَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَسَلَّمَ عَلَيْهِ، فَرَدَّ عَلَيْهِ السَّلَامَ، فَقَالَ: «ارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ» فَرَجَعَ فَصَلَّى، ثُمَّ جَاءَ فَسَلَّمَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، حَتَّى فَعَلَ ذَلِكَ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген, намазын дұрыс оқымаған адам жайлы хадисте былай айтылған: «Бірде әлгі кісі мешітке келіп намаз оқиды да, содан соң Пайғамбарымызға ﷺ барып сәлем береді. Алла Елшісі ﷺ оның сәлемін алып: «Бар да намазыңды қайта оқы, өйткені сен намазды (дұрыс) оқымадың!» – дейді. Сөйтіп ол барып, намазын қайта оқып келеді де, Пайғамбарымызға қайтадан сәлем береді. Солай үш рет жасаған екен» (Бұхари, 757; Муслим, 397).

Орысша аудармасы

В хадисе о человеке, неправильно совершившем молитву, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), говорится: «Однажды этот человек пришёл в мечеть, совершил молитву, а затем подошёл к Пророку ﷺ и поприветствовал его. Посланник Аллаха ﷺ ответил на его приветствие и сказал: “Ступай и соверши молитву заново, ибо ты не совершил её (как следует)!” Тогда тот человек вернулся, вновь совершил молитву, а затем снова подошёл к Пророку ﷺ и поприветствовал его. Так повторилось трижды» (Аль-Бухари: 757; Муслим: 397).

861
Риядус-салихин, № 861Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا لَقِيَ أَحَدُكُمْ أخَاهُ فَلْيُسَلِّمْ عَلَيْهِ، فَإِنْ حَالَتْ بَيْنَهُمَا شَجَرَةٌ، أَوْ جِدَارٌ، أَوْ حَجَرٌ، ثُمَّ لَقِيَهُ، فَلْيُسَلِّمْ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ: «Қайсыбірің бауырын кезіктірсе, оған сәлем берсін. Егер екеуінің арасын тал, дуал немесе тас бөліп, қайта жүздесетін болса, оған тағы да сәлем берсін», – деп айтқан (Әбу Дәуіт, 5200).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас встретит своего брата, пусть поприветствует его. Если затем их разделит дерево, стена или камень и они вновь встретятся, пусть он снова поприветствует его» (Абу Дауд: 5200).

Түсіндірме (қазақша)

Мұнда ұнамды іс деген міндетті түрде істелуі керек іс дегенде білдірмейді. Сондай-ақ бір мәрте амандасқан адаммен қайта-қайта амандасу кейбір жұрттардың салтында болмауы мүмкін. Мысалы, бүгінгі қазақ халқының салты бойынша, кез келген адамға күніне бір мәрте сәлем беру жеткілікті саналады. Бір рет амандасқаннан кейін бір айналып келіп, қайтадан амандасуды көп адамдар ерсі көріп, түсінбей жатады. Әр елдің салты басқа дегендей, мұндай дінде міндетті болмаған мәселелерді адамдардың салт-санасы мен түсініктеріне қарай ескеріп, соған қарай әрекет еткен жөн.

Түсіндірме (орысша)

то, что это действие является желательным, не означает, что его непременно следует совершать. Кроме того, обычай многократно приветствовать одного и того же человека принят не у всех народов. Например, согласно современному казахскому обычаю, достаточно поприветствовать человека один раз в течение дня. Если после первого приветствия человек ненадолго отойдёт, а затем, вернувшись, поприветствует снова, многие могут счесть это странным и не понять его. Как известно, у каждого народа свои обычаи. Поэтому в подобных вопросах, не являющихся обязательными в религии, следует учитывать традиции, образ мыслей и восприятие людей и поступать сообразно им.