Хадис

Риядус-салихин, № 799

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
119. Жейденің етегі мен жеңінің, шалбардың балағының және сәлденің ұштарының ұзындық мөлшері жайлы
Нөмірі
№ 799 (қазақша басылым реті)
799
Риядус-салихин, № 799

عَنْ قيس بْنِ بشر التَّغْلِبيِّ، قَالَ: أخْبَرَنِى أَبِى – وكان جَلِيسًا لأَبِى الدردَاء – قَالَ: كَانَ بِدمَشْق رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ يقَالَ لَهُ سهل بْنِ الْحَنْظَلِيَّةِ، وَكَانَ رَجُلًا مُتَوَحِّدًا قَلَّمَا يُجَالِسُ النَّاسَ، إِنَّمَا هُوَ صَلَاةٌ، فإِذا فَرَغَ فَإِنَّمَا هُوَ تَسْبِيحٌ وَتَكْبيرٌ حَتَّى يَأْتي أَهْلَهُ، فَمَرَّ بنا وَنَحْنُ عِنْدَ أَبِى الدَّردَاء، فَقَالَ لَهُ أَبُو الدردَاءِ: كَلِمَةً تَنْفَعُنَا وَلَا تَضُرُّكَ. قَالَ: بَعَثَ رَسُول اللَّهِ ﷺ سَرِيَّةً فَقَدِمَتْ، فَجَاءَ رَجُلٌ مِنْهُمْ فَجَلَسَ فِى الْمَجْلِسِ الَّذِى يَجْلِسُ فِيهِ رسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ لِرَجُلٍ إِلَى جَنْبِهِ: لَوْ رَأَيْتَنَا حِيْنَ التَقَيْنَا نَحْنُ وَالعَدُوُّ، فَحَمَلَ فُلَانٌ وَطَعَنَ، فَقَالَ: خُذْهَا مِنِّى، وَأَنَا الْغُلَامُ الْغِفَارِيُّ، كَيْفَ تَرَى فِى قَوْلِهِ؟ قَالَ: مَا أَرَاهُ إِلَّا قَدْ بَطَلَ أجْرُهُ. فَسَمِعَ بِذَلِكَ آخَرُ، فَقَالَ: مَا أرَى بِذَلِكَ بَأسًا، فَتَنَازَعَا حَتَّى سَمِعَ رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «سُبْحَانَ اللَّه؟ لَا بَأسَ أَنْ يُؤجَرَ وَيُحْمَدَ» فَرَأَيْتُ أَبَا الدَّرْدَاء سُرَّ بِذَلِكَ، وَجَعَلَ يَرْفَعُ رَأسَهُ إِلَيْهِ، وَيَقُولُ: أأَنْتَ سَمِعْتَ ذَلِكَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟ فيَقُولُ: نَعَمْ، فما زال يُعِيدُ عَلَيْهِ حَتَّى إِنِّى لأَقُولُ لَيَبْرُكَنَّ عَلَى رُكْبَتَيْهِ، قَالَ: فَمَرَّ بِنَا يَوْمًا آخَرَ، فَقَالَ لَهُ أَبُو الدَّرْدَاء: كَلِمَةً تَنْفَعُنَا وَلَا تَضُرُّكَ، قَالَ: قَالَ لنا رَسُول اللَّهِ ﷺ: «المُنْفِقُ عَلَى الْخَيْلِ، كَالبَاسِطِ يَدَهُ بالصَّدَقَةِ لَا يَقْبضُهَا»، ثُمَّ مَرَّ بِنَا يَوْمًا آخَرَ، فَقَالَ لَهُ أَبُو الدَّرْدَاء: كَلِمَةً تَنْفَعنَا وَلَا تَضُرُّكَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نِعْمَ الرَّجُلُ خُرَيمٌ الْأسَديُّ! لولا طُولُ جُمَّتِهِ وَإِسْبَالُ إِزَارِهِ!» فَبَلَغَ ذَلِكَ خُرَيْمًا فَعَجَّلَ، فَأَخَذَ شَفْرَةً فَقَطَعَ بِهَا جُمَّتَهُ إِلَى أُذُنَيْهِ، وَرَفَعَ إِزارَهُ إِلَى أنْصَافِ سَاقَيْهِ. ثُمَّ مَرَّ بِنَا يَوْمًا آخَرَ فَقَالَ لَهُ أَبُو الدَّرْدَاء: كَلِمَةً تَنْفَعُنَا وَلَا تَضُرُّكَ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «إِنَّكُمْ قَادِمُونَ عَلَى إِخْوانِكُمْ، فَأصْلِحُوا رِحَالكُمْ، وَأصْلِحُوا لِبَاسَكُمْ حَتَّى تَكُونُوا كَأَنَّكُمْ شَامَةٌ فِى النَّاسِ؛ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْفُحْشَ وَلَا التَّفَحُّش»

Қазақша аудармасы

Қайс ибн Бишр әт-Тәғләби (р.а.): «Менің әкем – Әбу Дәрдамен (р.а.) дос-жар болған адам. Бірде әкем маған былай деді: «Димашқ қаласында Сәһл ибн әл-Ханзалия атты Пайғамбарымыздың ﷺ бір сахабасы тұратын еді. Ол адамдармен көп араласпай, көбінесе саяқ жүретін жан болатын. Сондай-ақ жиі намаз оқитын, әрі намаздан кейін үйіне қайтқанда, отбасымен қауышқанша Алланы кемшілік атаулыдан таза, мінсіз деп, ұлықтаумен болатын. Бір күні Әбу Дәрдамен бірге отырғанымызда, Сәһл ибн әл-Ханзалия қасымыздан өтіп бара жатқан еді. Әбу Дәрда оған: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айтсаңыз», – деді. Сонда Сәһл: «Бірде Алла елшісі мұсылман әскерін бір жорыққа аттандырған еді. Әлгі жасақ жорықтан аман-есен оралған соң, әскердің құрамында болған бір кісі келіп, ішінде Алла елшісі де болған бір отырысқа қосыла кетті. Содан ол қасында отырған бір кісіге: «О, сен біздің жаумен бетпе-бет келген сәтімізді көрсең ғой. Арамыздан пәленше деген жігіт жауға шауып, дұшпанның бір әскерін: «Мә саған. Мен Ғифар баласымын» – деп, найзасымен шаншып өтті. Оның бұл сөзіне не дейсің?» – деді. Сонда қасындағысы: «Менің ойымша, оның сауабы босқа кетті», – деді. Екеуінің әңгімесін естіп қалған басқа біреу олардың әңгімесіне араласып: «Оның не сөкеттігі бар? Меніңше, онда тұрған ештеңе жоқ», – деді. Сөйтіп, олар әркім өзінің пікірін дұрыс санап, қызыл кеңірдек болып қалды. Екеуінің таласын Алла елшісі де естіп: «Субханаллаһ, оған сауап жазылғанда әрі мақтау айтқанда тұрған ештеңе жоқ», – деді. Сонда Әбу Дәрда бұл сөзге қуанып кетіп, басын көтерді де, Сәһлге: «Сен бұл сөзді Алла елшісінің өз аузынан естідің бе?» – деп сұрады. Сәһл: «Иә» – деді. Әбу Дәрда бұл сауалын үсті-үстіне қайталағаны соншалық – мен оны Сәһлдің алдында тізерлеп отыра кете ме деп қалдым. Бір күні Сәһл тағы тұсымыздан өтіп бара жатқанда, Әбу Дәрда оған: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айтсаңыз болар еді», – деді. Сонда Сәһл: «Расулалла бізге: «Алла жолында мінілетін ат-көліктің жем-шөбін өз қаражатынан қамдаған кісі үздіксіз садақа беретін адамға ұқсайды», – деп айтты», – деді. Тағы бір күні әдеттегіше қасымыздан өтіп бара жатқан Сәһлге Әбу Дәрда: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айта кетіңіз», – деп өтінді. Сонда Сәһл: «Бірде Алла елшісі: «Хурәйм әл-Усәди шашының ұзындығы, етегінің сүйретілгені болмаса қандай жақсы адам!» – деген еді. Алла елшісінің бұл сөзі көп ұзамай Хурәймнің құлағына жетті. Сонда ол бірден қолына ұстарасын алып, шашын құлағының сырғалығына дейін алып, етегін жіліншігінің қақ жарымына дейін қысқартып тастады», – деді. Сәһл бір күні тағы да қасымыздан өтіп бара жатқанда, Әбу Дәрда оған дәстүрлі өтінішін айтып: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айта кетіңіз», – деді. Сонда Сәһл: Бірде жол жүріп келе жатқанымызда, Алла елшісінің: «Жақында бауырларыңмен қауышасыңдар, сондықтан көпшіліктің ішінде адамның ажарына ажар қосатын беттегі көрікті қал сияқты тартымды болып көріну үшін ер-тұрмандарың мен үсті-бастарыңды ретке келтіріңдер. Расында, Алла Тағала жаман сөз бен жағымсыз іс-әрекетті әрі ұсқынсыз түр-тұрпатты ұнатпайды», – деп айтқанын естідім», – деді», – деген (Әбу Дәуіт: 4089).

Орысша аудармасы

Кайс ибн Бишр ат-Таглиби (да будет доволен им Аллах) передал следующий рассказ со слов своего отца, который был близким другом Абу Дарды (да будет доволен им Аллах). В Дамаске жил один из сподвижников Пророка ﷺ по имени Сахль ибн аль-Ханзалия. Он мало общался с людьми и предпочитал уединение. Он часто совершал молитвы, а возвращаясь после молитвы домой, до самой встречи с семьёй непрестанно прославлял и возвеличивал Аллаха, провозглашая Его пречистым и свободным от всякого недостатка. Однажды, когда отец Кайса сидел вместе с Абу Дардой, мимо них проходил Сахль ибн аль-Ханзалия. Абу Дарда сказал ему: «Поведайте нам какое-нибудь назидательное слово, которое принесёт пользу нам и не причинит вреда вам». Сахль сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ отправил мусульманское войско в поход. Когда отряд благополучно вернулся, один из воинов пришёл на собрание, где находился Посланник Аллаха ﷺ. Затем он сказал сидевшему рядом человеку: “О, если бы ты видел нас в тот миг, когда мы сошлись с врагом! Такой-то из наших воинов бросился на неприятеля и пронзил одного из его воинов копьём со словами: ‘Получай! Я – юноша из племени Гифар!’ Что ты думаешь о его словах?” Тот ответил: “Думаю, его награда пропала даром”. Другой человек, услышавший их разговор, вмешался: “Что же в этом предосудительного? По-моему, в этом нет ничего дурного”. Каждый из них считал верным именно своё мнение, и они заспорили до хрипоты. Их препирательство услышал и Посланник Аллаха ﷺ, который сказал: “Субханаллах! Нет ничего предосудительного в том, что ему будет записана награда и при этом его похвалят”». Услышав это, Абу Дарда обрадовался, поднял голову и спросил Сахля: «Вы слышали эти слова из уст самого Посланника Аллаха ﷺ?» Сахль ответил: «Да». Абу Дарда повторял свой вопрос снова и снова, так что отцу Кайса показалось, будто он вот-вот встанет перед Сахлем на колени.

В другой день Сахль вновь проходил мимо них, и Абу Дарда сказал ему: «Поведайте нам какое-нибудь назидательное слово, которое принесёт пользу нам и не причинит вреда вам». Сахль сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал нам: “Тот, кто за свой счёт обеспечивает кормом верховое животное, используемое на пути Аллаха, подобен человеку, непрестанно раздающему милостыню”».

В другой день, когда Сахль, как обычно, вновь проходил мимо них, Абу Дарда попросил его: «Поведайте нам какое-нибудь назидательное слово, которое принесёт пользу нам и не причинит вреда вам». Сахль сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Какой же прекрасный человек Хурайм аль-Асади, если бы не его длинные волосы и волочащийся по земле подол одежды!” Вскоре слова Посланника Аллаха ﷺ дошли до Хурайма. Тогда он тотчас взял бритву, укоротил волосы до мочек ушей, а подол одежды – до середины голеней».

Однажды Сахль вновь проходил мимо них, и Абу Дарда обратился к нему со своей обычной просьбой: «Поведайте нам какое-нибудь назидательное слово, которое принесёт пользу нам и не причинит вреда вам». Сахль сказал: «Однажды, когда мы были в пути, я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Вскоре вы встретитесь со своими братьями. Поэтому приведите в порядок свои сёдла и одежду, чтобы среди людей вы выглядели столь же привлекательно, как красивая родинка на лице, придающая человеку ещё больше очарования. Поистине, Аллах Всевышний не любит дурных слов, неприглядных поступков и безобразного внешнего вида”» (Абу Дауд: 4089).