Хадис

Жейденің етегі мен жеңінің, шалбардың балағының және сәлденің ұштарының ұзындық мөлшері жайлы

О длине подола и рукавов рубахи, штанин и конца чалмы

Риядус-салихин, 119-тақырып · 12 хадис · № 791–802

Хадистер

791
Риядус-салихин, № 791

عَنْ أسماءَ بنتِ يزيد الْأنصارِيَّةِ رَضِيَ اللَّه عَنْهَا، قَالَتْ: كَانَ كُمُّ قَمِيص رَسُول اللَّهِ ﷺ إِلَى الرُّسْغِ

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Язид (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ жейдесінің жеңі білекке дейін болатын», – деген (Әбу Дәуід: 4027; Тирмизи: 1765).

Орысша аудармасы

Асма бинт Язид (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Рукава рубахи Посланника Аллаха ﷺ доходили до запястий» (Абу Дауд: 4027; Ат-Тирмизи: 1765).

792
Риядус-салихин, № 792Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ جَرَّ ثَوْبَهُ خُيَلاءَ لَمْ يَنْظُرِ اللَّهُ إِلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ» فَقَالَ أَبُو بكر: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ إِزارِى يَسْتَرْخِى إِلَّا أَنْ أَتَعَاهَدَهُ، فَقَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «إِنَّكَ لَسْتَ مِمَّنْ يَفْعَلُهُ خُيَلاءَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім тәкаппарланып, киімін жерге сүйретіп жүретін болса, қиямет күні Алла оған (мейіріммен) қарамайды», – деді. Сонда Әбу Бәкір: «Уа, Расулалла! Қадағалап тұрмасам, менің де киімімнің балағы жерге сүйретіліп кете береді», – деді. Сонда Алла елшісі оған: «Сен олай тәкаппарланып істейтіндерден емессің ғой», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3665, Муслим: 2085).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Пророк ﷺ сказал: “На того, кто из высокомерия волочит свою одежду по земле, Аллах не взглянет с милостью в День воскресения”. Тогда Абу Бакр сказал: “О Посланник Аллаха! Если я не слежу за своей одеждой, её край опускается и начинает волочиться по земле”. Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Но ведь ты не из тех, кто поступает так из высокомерия”» (Аль-Бухари: 3665; Муслим: 2085).

793
Риядус-салихин, № 793Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَنْظُرُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِلَى مَنْ جَرَّ إِزاره بَطَرًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алла қиямет күні шалбарын тәкаппарлықпен сүйретіп жүрген адамға назар салмайды», – деп айтқан (Бұхари: 5788, Муслим: 5463, Ахмад: 10541).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения Аллах не взглянет с милостью на того, кто из высокомерия волочит по земле нижний край своих брюк» (Аль-Бухари: 5788; Муслим: 5463; Ахмад: 10541).

794
Риядус-салихин, № 794Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَا أسْفَل مِنَ الْكَعْبَيْنِ مِنَ الْإِزْارِ فَفِى النار»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Шалбардың қос тобықтан төмен түскен бөлігі тозақта», – деген (Бұхари: 5787, Ахмад: 9934).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Та часть брюк, которая опускается ниже щиколоток, окажется в огне ада» (Аль-Бухари: 5787; Ахмад: 9934).

795
Риядус-салихин, № 795Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذر عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «ثَلَاثةٌ لَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ، وَلَا يُزَكِّيهِمْ، وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ» قَالَ: فقَرأها رَسُول اللَّهِ ﷺ ثَلَاثَ مِرار، قَالَ أَبُو ذرٍّ: خَابُوا وَخَسِرُوا! مَنْ هُمْ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «المُسْبِلُ، وَالْمنَّانُ، وَالْمُنْفِقُ سِلْعَتَهُ بِالحَلِفِ الْكاذِبِ»

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «المُسْبِلُ إِزَارَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәррден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздан ﷺ: «Қиямет күні Алла Тағала үш түрлі адаммен тілдеспейді, оларды (күнәларынан) тазартпайды және оларға (мейіріммен) қарамайды, сондықтан олар өте ауыр азапқа душар болады», – деп үш қайтара айтты. Сонда Әбу Зәрр: «Нағыз соры қайнап, қасіретке ұшырағандар екен. Уа, Расулалла, олар кімдер?» – деп сұрады. Расулалла: «Киімін тәкаппарлықпен жерге сүйреткен, жасаған жақсылығын міндетсінген және жалған ант ішіп затын сатқан адам», – деп жауап берді» – делінген (Муслим: 293, Ахмад: 21408).

Осы хадистің тағы бір нұсқасында: «…шалбарын (балағын) сүйретіп киюші…» – деп келген.

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Зарром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ трижды повторил: «В День воскресения Аллах Всевышний не заговорит с тремя категориями людей, не очистит их (от грехов) и не взглянет на них (с милостью), поэтому их постигнет тягчайшее наказание». Тогда Абу Зарр спросил: «Поистине, они потерпели крах и обрекли себя на беду! Кто же они, о Посланник Аллаха?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Тот, кто из высокомерия волочит свою одежду по земле, тот, кто попрекает людей оказанным им благодеянием, и тот, кто продаёт свой товар с помощью ложной клятвы» (Муслим: 293; Ахмад: 21408).

В другом варианте этого хадиса говорится: «…тот, кто, надев брюки, волочит (их штанины) по земле…»

796
Риядус-салихин, № 796Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «الإِسْبَالُ فِى الْإِزار، وَالقَمِيصِ، وَالعِمَامةِ، مَنْ جَرَّ شَيْئًا خُيَلاءَ لَمْ ينْظُرِ اللَّه إِلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Шалбардың балағын, көйлектің етегін және сәлденің ұшын тым ұзартып, тәкаппарлықпен сүйретіп жүрген адамға Алла қиямет күні назар салмайды», – деген (Әбу Дәуіт: 4094).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «В День воскресения Аллах не взглянет на того, кто чрезмерно удлиняет штанины, подол рубахи и конец чалмы и из высокомерия волочит их по земле» (Абу Дауд: 4094).

797
Риядус-салихин, № 797

عَنْ أَبِى جُرَيٍّ جابر بْنِ سُلَيْم قَالَ: رَأَيْتُ رَجُلًا يَصْدُرُ النَّاسُ عَنْ رَأْيهِ، لَا يَقُولُ شَيْئًا إِلَّا صَدَرُوا عَنْهُ، قُلْتُ: مَنْ هَذَا؟ قَالُوا: رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قُلْتُ: عَلَيْكَ السَّلَامُ يَا رَسُولَ اللَّهِ – مرّتين – قَالَ: «لَا تَقُلْ: عَلَيْكَ السَّلَامُ، عَلَيْكَ السَّلَامُ تَحِيَّةُ الْمَوْتَى، قُلْ: السَّلَامُ عَلَيْكَ» قَالَ: قُلْتُ: أَنْتَ رَسُول اللَّهِ؟ قَالَ: «أَنَا رَسُول اللَّهِ الَّذِى إِذَا أَصَابَكَ ضُرٌّ فَدَعَوْتَهُ كَشَفَه عَنْكَ، وَإِذَا أَصَابَكَ عَامُ سَنَةٍ»«فَدَعَوْتَهُ أَنْبَتَهَا لَكَ، وَإِذَا كُنْتَ بِأَرْضٍ قَفْرٍ أَوْ فَلَاةٍ فَضَلَّتْ رَاحِلَتُكَ، فَدَعَوْتَهُ رَدَّهَا عَلَيْكَ» قَالَ: قُلْتُ: اعْهَدْ إِلَيَّ. قَالَ: «لَا تَسُبَّنَ أَحَدًا» قَالَ: فَمَا سَبَبْتُ بَعْدَهُ حُرًّا، وَلَا عَبْدًا، وَلَا بَعِيرًا، وَلَا شَاةً، «ولَا تَحْقِرَنَّ مِنَ الْمَعْرُوفِ شَيْئًا، وأَنْ تُكَلِّمَ أخَاكَ وَأَنْتَ مُنْبَسِطٌ إِلَيْهِ وَجْهُكَ، إِنَّ ذَلِكَ مِنَ الْمَعْرُوفِ، وَارْفَعْ إِزَارَكَ إِلَى نِصْفِ السَّاقِ، فَإِنْ أبَيْتَ فَإِلَى الْكَعْبَينِ، وَإِيَّاكَ وَإِسْبَالَ الْإِزَار فَإِنَّهَا مِنَ الْمخِيلَةِ. وَإِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمَخِيلَةَ؛ وَإِن امْرُؤٌ شَتَمَكَ وعَيَّرَكَ بِمَا يَعْلَمُ فِيكَ فَلَا تُعَيِّرْهُ بِمَا تَعْلَمُ فِيهِ، فَإِنَّمَا وَبَالُ ذَلِكَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сүләйм (р.а.): «Бірде айналасындағы адамдар ақыл-кеңесіне құлақ асып, айтқанынан шықпайтын бір кісіні көріп, ол жайлы білмекші болып: «Бұл кісі кім?» – деп сұрадым. Сонда қасындағылар оны: «Алла елшісі», – деп таныстырды. Мен оған жақын барып, екі қайтара: «Аләйкәс-сәләму, уа, Расулалла!» – деп сәлем бердім. Сол кезде ол маған: «Аләйкәс-сәләму» деп айтпа, өйткені аләйкәс-сәләму деп өлгендерге айтылады. Сәлем беретін болсаң, «әс-сәләму аләйкә» деп айт», – деді. Мен одан: «Сіз Алланың елшісісіз бе?» – деп сұрадым. Ол: «Мен сен қандай да бір зиянға ұшырағанда дұға жасасаң, сені содан құтқаратын; қуаңшылыққа тап болғанда дұға жасасаң, (жауын жауғызып) көк шығаратын; сондай-ақ, шөл далада келе жатып, көлігіңнен айырылып қалғанда, дұға жасасаң, саған соны (ойламаған жерде) қайтарып беретін Алланың елшісімін», – деп жауап берді. Сонда мен: «Ендеше, маған жөн сілтеп, ақыл айтыңыз», – дегенімде, алғашқы айтқан ақылы «Ешкімге тіл тигізбе» – болды. Содан бері, басы азат жанға да, басыбайлы құлға да, тіпті түйе мен қойға да тіл тигізген емеспін. Содан кейін маған: «(Титтей де болса) жақсылық атаулының ешбірін қомсынба. Тіпті бауырыңмен жай ғана сөз алмасқан күннің өзінде жүзің жарқын болсын. Өйткені бұл да жақсылықтың бір түрі. Киіміңнің етегін (балағыңды) жіліншігіңнің қақ жарымына дейін көтер. Егер олай істегің келмесе, тобықтарыңа дейін көтер. Киіміңнің етегін (балағыңды) тобықтан төмен түсіріп, сүйретуші болма, өйткені олай істеу – тәкаппарлық. Расында, Алла Тағала тәкаппарлықты жақсы көрмейді. Егер біреу сенің қандай да бір мініңді біліп, сол үшін сені балағаттап, мініңді бетіңе басса, сен оның осал жағын білсең де, есе қайтарамын деп, айыбын бетіне басып балағаттама. Сонда оның обалы өзіне болады», – деп насихат айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4084, Тирмизи: 2722).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Суляйм (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды я увидел человека, к советам которого окружающие внимательно прислушивались и ни в чём ему не перечили. Желая узнать, кто он, я спросил: “Кто этот человек?” Находившиеся рядом ответили: “Посланник Аллаха”. Тогда я подошёл к нему и дважды поприветствовал его словами: “Алейкас саляму, о Посланник Аллаха!” Он сказал мне: “Не говори: ‘Алейкас саляму’, ибо так приветствуют умерших. Когда приветствуешь, говори: ‘Ассаляму алейка’”.

Я спросил его: “Вы действительно Посланник Аллаха?” Он ответил: “Я – посланник Аллаха. Если тебя постигнет беда и ты воззовёшь к Нему, Он избавит тебя от неё; если тебя постигнет засуха и ты воззовёшь к Нему, Он ниспошлёт дождь и взрастит зелень; а если в пустыне ты потеряешь своё верховое животное и воззовёшь к Нему, Он возвратит его тебе оттуда, откуда ты и не ожидал”.

Тогда я попросил: “Наставьте меня и укажите мне верный путь”. Первым его наставлением было: “Никого не оскорбляй”. С тех пор я не оскорблял ни свободного человека, ни раба и не бранил даже верблюда или овцу.

Затем он наставил меня: “Не пренебрегай ни одним благим делом, каким бы малым оно ни казалось. Даже когда ты просто беседуешь со своим братом, встречай его с приветливым лицом, ибо это также является благим делом. Поднимай край своей одежды или штанины до середины голени. Если не желаешь этого, то хотя бы до щиколоток. Не опускай край одежды ниже щиколоток, волоча его по земле, ибо это – проявление высокомерия. Поистине, Аллах Всевышний не любит высокомерия. Если кто-либо, зная о каком-нибудь твоём недостатке, станет оскорблять тебя и попрекать этим недостатком, то ты, даже зная о его слабости, не оскорбляй его в ответ и не попрекай его изъяном. Тогда бремя этого греха понесёт он сам”» (Абу Дауд: 4084; Ат-Тирмизи: 2722).

798
Риядус-салихин, № 798Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: بَيْنَمَا رَجُلٌ يُصَلَّى مسبلٌ إِزَارَهُ، قَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «اذْهَبْ فَتَوَضَّأ» فَذَهَبَ فَتَوَضّأَ، ثُمَّ جَاءَ، فَقَالَ: «اذْهَبْ فَتَوَضّأ» فَقَالَ لَهُ رجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا لَكَ أَمَرْتَهُ أَنْ يَتَوَضّأَ ثُمَّ سَكَتَّ عَنْهُ؟ قَالَ: «إِنّهُ كَانَ يُصَلِّى وَهُوَ مُسْبِلٌ إِزَارَهُ، وَإِنَّ اللَّهَ لَا يَقْبَلُ صَلَاةَ رَجُلٍ مُسْبلٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде шалбарын (балағын тым ұзын етіп), сүйретіп киген бір кісі намаз оқығанда, Алла елшісі ﷺ оған: «Бар да дәрет ал!» – деді. Ол барып дәрет алып, қайтып келгенде, оған тағы да: «Бар да дәрет ал!» – деді. Сол кезде сондағы бір кісі: «Уа, Расулалла! Не себепті оған дәрет алуды бұйырдыңыз да, одан кейін сол туралы ештеңе айтпадыңыз?!» – дегенде, Алла елшісі: «Өйткені ол шалбарын сүйретіп киген күйде намаз оқыған еді, расында Алла шалбарын сүйретіп киген адамның намазын қабыл етпейді», – деп айтты (Әбу Дәуіт, 638).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды, когда один человек, надевший брюки (со слишком длинными штанинами) и волочивший их по земле, совершал молитву, Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “Ступай и соверши омовение!” Тот ушёл, совершил омовение и вернулся, но Посланник Аллаха ﷺ вновь сказал ему: “Ступай и соверши омовение!” Тогда один из присутствовавших спросил: “О Посланник Аллаха! Почему вы велели ему совершить омовение, но после этого ничего не объяснили?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Потому что он совершал молитву, волоча свои брюки по земле. Поистине, Аллах не принимает молитву того, кто носит брюки, волоча их по земле”» (Абу Дауд: 638).

799
Риядус-салихин, № 799

عَنْ قيس بْنِ بشر التَّغْلِبيِّ، قَالَ: أخْبَرَنِى أَبِى – وكان جَلِيسًا لأَبِى الدردَاء – قَالَ: كَانَ بِدمَشْق رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ يقَالَ لَهُ سهل بْنِ الْحَنْظَلِيَّةِ، وَكَانَ رَجُلًا مُتَوَحِّدًا قَلَّمَا يُجَالِسُ النَّاسَ، إِنَّمَا هُوَ صَلَاةٌ، فإِذا فَرَغَ فَإِنَّمَا هُوَ تَسْبِيحٌ وَتَكْبيرٌ حَتَّى يَأْتي أَهْلَهُ، فَمَرَّ بنا وَنَحْنُ عِنْدَ أَبِى الدَّردَاء، فَقَالَ لَهُ أَبُو الدردَاءِ: كَلِمَةً تَنْفَعُنَا وَلَا تَضُرُّكَ. قَالَ: بَعَثَ رَسُول اللَّهِ ﷺ سَرِيَّةً فَقَدِمَتْ، فَجَاءَ رَجُلٌ مِنْهُمْ فَجَلَسَ فِى الْمَجْلِسِ الَّذِى يَجْلِسُ فِيهِ رسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ لِرَجُلٍ إِلَى جَنْبِهِ: لَوْ رَأَيْتَنَا حِيْنَ التَقَيْنَا نَحْنُ وَالعَدُوُّ، فَحَمَلَ فُلَانٌ وَطَعَنَ، فَقَالَ: خُذْهَا مِنِّى، وَأَنَا الْغُلَامُ الْغِفَارِيُّ، كَيْفَ تَرَى فِى قَوْلِهِ؟ قَالَ: مَا أَرَاهُ إِلَّا قَدْ بَطَلَ أجْرُهُ. فَسَمِعَ بِذَلِكَ آخَرُ، فَقَالَ: مَا أرَى بِذَلِكَ بَأسًا، فَتَنَازَعَا حَتَّى سَمِعَ رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «سُبْحَانَ اللَّه؟ لَا بَأسَ أَنْ يُؤجَرَ وَيُحْمَدَ» فَرَأَيْتُ أَبَا الدَّرْدَاء سُرَّ بِذَلِكَ، وَجَعَلَ يَرْفَعُ رَأسَهُ إِلَيْهِ، وَيَقُولُ: أأَنْتَ سَمِعْتَ ذَلِكَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟ فيَقُولُ: نَعَمْ، فما زال يُعِيدُ عَلَيْهِ حَتَّى إِنِّى لأَقُولُ لَيَبْرُكَنَّ عَلَى رُكْبَتَيْهِ، قَالَ: فَمَرَّ بِنَا يَوْمًا آخَرَ، فَقَالَ لَهُ أَبُو الدَّرْدَاء: كَلِمَةً تَنْفَعُنَا وَلَا تَضُرُّكَ، قَالَ: قَالَ لنا رَسُول اللَّهِ ﷺ: «المُنْفِقُ عَلَى الْخَيْلِ، كَالبَاسِطِ يَدَهُ بالصَّدَقَةِ لَا يَقْبضُهَا»، ثُمَّ مَرَّ بِنَا يَوْمًا آخَرَ، فَقَالَ لَهُ أَبُو الدَّرْدَاء: كَلِمَةً تَنْفَعنَا وَلَا تَضُرُّكَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نِعْمَ الرَّجُلُ خُرَيمٌ الْأسَديُّ! لولا طُولُ جُمَّتِهِ وَإِسْبَالُ إِزَارِهِ!» فَبَلَغَ ذَلِكَ خُرَيْمًا فَعَجَّلَ، فَأَخَذَ شَفْرَةً فَقَطَعَ بِهَا جُمَّتَهُ إِلَى أُذُنَيْهِ، وَرَفَعَ إِزارَهُ إِلَى أنْصَافِ سَاقَيْهِ. ثُمَّ مَرَّ بِنَا يَوْمًا آخَرَ فَقَالَ لَهُ أَبُو الدَّرْدَاء: كَلِمَةً تَنْفَعُنَا وَلَا تَضُرُّكَ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «إِنَّكُمْ قَادِمُونَ عَلَى إِخْوانِكُمْ، فَأصْلِحُوا رِحَالكُمْ، وَأصْلِحُوا لِبَاسَكُمْ حَتَّى تَكُونُوا كَأَنَّكُمْ شَامَةٌ فِى النَّاسِ؛ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْفُحْشَ وَلَا التَّفَحُّش»

Қазақша аудармасы

Қайс ибн Бишр әт-Тәғләби (р.а.): «Менің әкем – Әбу Дәрдамен (р.а.) дос-жар болған адам. Бірде әкем маған былай деді: «Димашқ қаласында Сәһл ибн әл-Ханзалия атты Пайғамбарымыздың ﷺ бір сахабасы тұратын еді. Ол адамдармен көп араласпай, көбінесе саяқ жүретін жан болатын. Сондай-ақ жиі намаз оқитын, әрі намаздан кейін үйіне қайтқанда, отбасымен қауышқанша Алланы кемшілік атаулыдан таза, мінсіз деп, ұлықтаумен болатын. Бір күні Әбу Дәрдамен бірге отырғанымызда, Сәһл ибн әл-Ханзалия қасымыздан өтіп бара жатқан еді. Әбу Дәрда оған: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айтсаңыз», – деді. Сонда Сәһл: «Бірде Алла елшісі мұсылман әскерін бір жорыққа аттандырған еді. Әлгі жасақ жорықтан аман-есен оралған соң, әскердің құрамында болған бір кісі келіп, ішінде Алла елшісі де болған бір отырысқа қосыла кетті. Содан ол қасында отырған бір кісіге: «О, сен біздің жаумен бетпе-бет келген сәтімізді көрсең ғой. Арамыздан пәленше деген жігіт жауға шауып, дұшпанның бір әскерін: «Мә саған. Мен Ғифар баласымын» – деп, найзасымен шаншып өтті. Оның бұл сөзіне не дейсің?» – деді. Сонда қасындағысы: «Менің ойымша, оның сауабы босқа кетті», – деді. Екеуінің әңгімесін естіп қалған басқа біреу олардың әңгімесіне араласып: «Оның не сөкеттігі бар? Меніңше, онда тұрған ештеңе жоқ», – деді. Сөйтіп, олар әркім өзінің пікірін дұрыс санап, қызыл кеңірдек болып қалды. Екеуінің таласын Алла елшісі де естіп: «Субханаллаһ, оған сауап жазылғанда әрі мақтау айтқанда тұрған ештеңе жоқ», – деді. Сонда Әбу Дәрда бұл сөзге қуанып кетіп, басын көтерді де, Сәһлге: «Сен бұл сөзді Алла елшісінің өз аузынан естідің бе?» – деп сұрады. Сәһл: «Иә» – деді. Әбу Дәрда бұл сауалын үсті-үстіне қайталағаны соншалық – мен оны Сәһлдің алдында тізерлеп отыра кете ме деп қалдым. Бір күні Сәһл тағы тұсымыздан өтіп бара жатқанда, Әбу Дәрда оған: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айтсаңыз болар еді», – деді. Сонда Сәһл: «Расулалла бізге: «Алла жолында мінілетін ат-көліктің жем-шөбін өз қаражатынан қамдаған кісі үздіксіз садақа беретін адамға ұқсайды», – деп айтты», – деді. Тағы бір күні әдеттегіше қасымыздан өтіп бара жатқан Сәһлге Әбу Дәрда: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айта кетіңіз», – деп өтінді. Сонда Сәһл: «Бірде Алла елшісі: «Хурәйм әл-Усәди шашының ұзындығы, етегінің сүйретілгені болмаса қандай жақсы адам!» – деген еді. Алла елшісінің бұл сөзі көп ұзамай Хурәймнің құлағына жетті. Сонда ол бірден қолына ұстарасын алып, шашын құлағының сырғалығына дейін алып, етегін жіліншігінің қақ жарымына дейін қысқартып тастады», – деді. Сәһл бір күні тағы да қасымыздан өтіп бара жатқанда, Әбу Дәрда оған дәстүрлі өтінішін айтып: «Бізге пайдалы болатын әрі өзіңізге зияны тимейтін өнегелі бір сөз айта кетіңіз», – деді. Сонда Сәһл: Бірде жол жүріп келе жатқанымызда, Алла елшісінің: «Жақында бауырларыңмен қауышасыңдар, сондықтан көпшіліктің ішінде адамның ажарына ажар қосатын беттегі көрікті қал сияқты тартымды болып көріну үшін ер-тұрмандарың мен үсті-бастарыңды ретке келтіріңдер. Расында, Алла Тағала жаман сөз бен жағымсыз іс-әрекетті әрі ұсқынсыз түр-тұрпатты ұнатпайды», – деп айтқанын естідім», – деді», – деген (Әбу Дәуіт: 4089).

Орысша аудармасы

Кайс ибн Бишр ат-Таглиби (да будет доволен им Аллах) передал следующий рассказ со слов своего отца, который был близким другом Абу Дарды (да будет доволен им Аллах). В Дамаске жил один из сподвижников Пророка ﷺ по имени Сахль ибн аль-Ханзалия. Он мало общался с людьми и предпочитал уединение. Он часто совершал молитвы, а возвращаясь после молитвы домой, до самой встречи с семьёй непрестанно прославлял и возвеличивал Аллаха, провозглашая Его пречистым и свободным от всякого недостатка. Однажды, когда отец Кайса сидел вместе с Абу Дардой, мимо них проходил Сахль ибн аль-Ханзалия. Абу Дарда сказал ему: «Поведайте нам какое-нибудь назидательное слово, которое принесёт пользу нам и не причинит вреда вам». Сахль сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ отправил мусульманское войско в поход. Когда отряд благополучно вернулся, один из воинов пришёл на собрание, где находился Посланник Аллаха ﷺ. Затем он сказал сидевшему рядом человеку: “О, если бы ты видел нас в тот миг, когда мы сошлись с врагом! Такой-то из наших воинов бросился на неприятеля и пронзил одного из его воинов копьём со словами: ‘Получай! Я – юноша из племени Гифар!’ Что ты думаешь о его словах?” Тот ответил: “Думаю, его награда пропала даром”. Другой человек, услышавший их разговор, вмешался: “Что же в этом предосудительного? По-моему, в этом нет ничего дурного”. Каждый из них считал верным именно своё мнение, и они заспорили до хрипоты. Их препирательство услышал и Посланник Аллаха ﷺ, который сказал: “Субханаллах! Нет ничего предосудительного в том, что ему будет записана награда и при этом его похвалят”». Услышав это, Абу Дарда обрадовался, поднял голову и спросил Сахля: «Вы слышали эти слова из уст самого Посланника Аллаха ﷺ?» Сахль ответил: «Да». Абу Дарда повторял свой вопрос снова и снова, так что отцу Кайса показалось, будто он вот-вот встанет перед Сахлем на колени.

В другой день Сахль вновь проходил мимо них, и Абу Дарда сказал ему: «Поведайте нам какое-нибудь назидательное слово, которое принесёт пользу нам и не причинит вреда вам». Сахль сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал нам: “Тот, кто за свой счёт обеспечивает кормом верховое животное, используемое на пути Аллаха, подобен человеку, непрестанно раздающему милостыню”».

В другой день, когда Сахль, как обычно, вновь проходил мимо них, Абу Дарда попросил его: «Поведайте нам какое-нибудь назидательное слово, которое принесёт пользу нам и не причинит вреда вам». Сахль сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Какой же прекрасный человек Хурайм аль-Асади, если бы не его длинные волосы и волочащийся по земле подол одежды!” Вскоре слова Посланника Аллаха ﷺ дошли до Хурайма. Тогда он тотчас взял бритву, укоротил волосы до мочек ушей, а подол одежды – до середины голеней».

Однажды Сахль вновь проходил мимо них, и Абу Дарда обратился к нему со своей обычной просьбой: «Поведайте нам какое-нибудь назидательное слово, которое принесёт пользу нам и не причинит вреда вам». Сахль сказал: «Однажды, когда мы были в пути, я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Вскоре вы встретитесь со своими братьями. Поэтому приведите в порядок свои сёдла и одежду, чтобы среди людей вы выглядели столь же привлекательно, как красивая родинка на лице, придающая человеку ещё больше очарования. Поистине, Аллах Всевышний не любит дурных слов, неприглядных поступков и безобразного внешнего вида”» (Абу Дауд: 4089).

780
Риядус-салихин, № 780Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِزْرَةُ الْمُسْلِمِ إِلَى نِصْفِ السَّاقِ، وَلَا حَرَجَ – أَوْ لَا جُنَاحَ – فِيمَا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْكَعْبَيْنِ، فمَا كَانَ أسْفَلَ مِنَ الْكَعْبَيْنِ فَهُوَ فِى النَّارِ، وَمَنْ جَرَّ إِزَارَهُ بَطَرًا لَمْ يَنْظُرِ اللَّهُ إِلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бірде Алла Елшісі ﷺ: «Мұсылманның шалбары – балтырының орта тұсына дейін ғана. Сондай-ақ балтырының орта тұсы мен қос тобығына дейінгі аралықта болса да ештеңе етпейді. Ал қос тобықтан төмен түскені тозақта. Шалбарын тәкаппарлықпен сүйретіп жүрген адамға Алла назар салмайды», – деп айтты» (Әбу Дәуіт: 4093).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Штанины мусульманина должны доходить до середины голеней. Нет ничего предосудительного и в том, если они будут ниже середины голеней, но не ниже щиколоток. Та же их часть, которая опускается ниже щиколоток, окажется в огне ада. А на того, кто из высокомерия волочит свои брюки по земле, Аллах не взглянет» (Абу Дауд: 4093).

801
Риядус-салихин, № 801Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: مررتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَفِى إِزَارِى استرخاءٌ، فَقَالَ: «يَا عَبدَ اللَّهِ، ارْفَعْ إِزَارَكَ» فَرَفَعْتُهُ ثُمَّ قَالَ: «زِدْ» فَزِدْتُ، فَمَا زِلْتُ أتَحَرَّاهَا بَعْدُ. فَقَالَ بَعْضُ الْقَوْم: إِلَى أينَ؟ فَقَالَ: إِلَى أنْصَافِ السَّاقَيْنِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде мен Алла Елшісінің ﷺ жанынан өткенімде шалбарым (яғни балағым тым ұзын болып) төмен түсіп тұрған еді. (Соны көрген) Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, Абдулла! Шалбарыңды көтер!» – деді. Мен оны сәл көтеріп едім, ол: «Тағы да...», – деді. Мен тағы да көтердім. Содан бері мен сол өлшемді бекем ұстанатын болдым», – деген. Сондағы қауымнан бірнеше адам одан: «(Ол өлшем) қай жерге дейін?» – деп сұрағанда, ол: «Балтырдың бел ортасына дейін», – деген екен (Муслим: 5462).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказал: «Однажды я проходил мимо Посланника Аллаха ﷺ, а мои брюки были опущены слишком низко, то есть их штанины оказались слишком длинными. Увидев это, Пророк ﷺ сказал: “О Абдуллах! Подними свои брюки!” Я немного поднял их, но он сказал: “Ещё”. Тогда я поднял их выше. С тех пор я неизменно следил, чтобы штанины оставались на указанной им высоте». Несколько человек из числа присутствовавших спросили его: «До какого места они должны были доходить?» Он ответил: «До середины голеней» (Муслим: 5462).

802
Риядус-салихин, № 802Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ جَرَّ ثَوْبَهُ خُيَلاءَ لَمْ يَنْظُرِ اللَّهُ إِلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ» فَقَالَتْ أُمُّ سَلَمَةَ: فَكَيْفَ تَصْنَعُ النِّسَاءُ بذُيُولِهِنَّ؟ قَالَ: «يُرْخِينَ شِبْرًا» قَالَتْ: إِذًَا تَنْكَشِفُ أقْدَامُهُنَّ. قَالَ: «فَيرخِينَهُ ذِرَاعًا لَا يَزِدْنَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Бірде Алла Елшісі ﷺ: «Кімде-кім киімін тәкаппарлықпен жерге сүйретіп жүретін болса, Алла оған қиямет күні назар салмайды», – деді. Сонда Үммі Сәләма: «Ал әйелдер көйлектерінің етегін не істейді?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз ﷺ оған: «Онда бір сүйемге ұзартсын», – дегенде, ол: «Онда аяқтары көрініп қалады», – деді. Сонда Алла Елшісі ﷺ: «Олай болса етектерін бір шынтаққа ұзартсын, бірақ одан асырмасын», – деп айтты» (Әбу Дәуіт: 4119, Тирмизи: 1731, Ахмад: 4683).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения Аллах не взглянет на того, кто из высокомерия волочит свою одежду по земле”. Тогда Умм Салама спросила: “А что делать женщинам с подолами их платьев?” Пророк ﷺ ответил: “Пусть удлинят их на одну пядь”. Она сказала: “Но тогда их ступни будут видны”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В таком случае пусть удлинят подолы на один локоть, но не более”» (Абу Дауд: 4119; Ат-Тирмизи: 1731; Ахмад: 4683).