Хадис

Кішіпейілдікпен қарапайым киіну жайлы

О скромной одежде как проявлении смирения

Риядус-салихин, 120-тақырып · 1 хадис · № 803

Хадистер

قَدْ سَبَقَ فِى بَابِ فَضْل الْجُوعِ وَخشُونَةِ الْعَيْشِ جُمَلٌ تَتَعَلَّقُ بهذا الْباب

Бұл тарауға қатысы бар хадистер жоғарыда өткен аш құрсақ жүру және қарабайыр өмір салтын ұстанудың абзалдығы жайлы бөлімде келтірілген.

Хадисы, относящиеся к этой главе, были приведены выше, в разделе о достоинстве голода и скромного образа жизни.

803
Риядус-салихин, № 803

عَنْ معاذ بْنِ أنسٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ تَرَكَ اللِّبَاس تَوَاضُعًا للهِ، وَهُوَ يَقْدِرُ عَلَيْهِ، دَعَاهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رُؤوسِ الْخَلائِقِ حَتَّى يُخَيِّرَهُ مِنْ أيِّ حُلَلِ الْإِيمَانِ شَاءَ يَلْبَسُهَا»

Қазақша аудармасы

Мұғаз ибн Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Алланың разылығы үшін кішіпейілділік танытып, қымбат киімдерді киюге шамасы жетсе де қарапайым киінетін болса, қиямет күні Алла Тағала оны шақырып алып, күллі жаратылыстың алдында мүміндерге арналған (баға жетпес) киімдердің ішінен қалағанын кигізеді», – деп айтты», – делінген. (Тирмизи: 2481, Ахмад: 15631).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Муаза ибн Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения Аллах Всевышний призовёт перед всеми творениями того, кто ради довольства Аллаха проявлял смирение и одевался скромно, хотя имел возможность носить дорогую одежду, и позволит ему выбрать и надеть любое из бесценных одеяний, предназначенных для верующих» (Ат-Тирмизи: 2481; Ахмад: 15631).