عَنْ أم ثابتٍ كَبْشَةَ بنتِ ثابتٍ أُختِ حَسَّانَ بْنِ ثابتٍ، قَالَتْ: دخل عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَشَرِبَ مِنْ فيِّ قِرْبَةٍ مُعَلَّقَةٍ قَائِمًا، فَقُمْتُ إِلَى فِيهَا فَقَطَعْتُهُ
وإِنّما قَطَعَتْهَا: لِتَحْفَظَ مَوْضِع فَمِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وَتَتَبَرَّكَ بِهِ، وتَصُونَهُ عَن الابْتِذَال. وهذا الْحَدِيث محمولٌ عَلَى بيان الْجواز، والحَدِيثان السابقان لبيان الْأفضل والأكمل، واللَّه أعلم
Хассан ибн Сәбиттің әпкесі Үммі Сәбит Кәбша бинт Сәбит (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ менің (үйіме) кірді де, ілулі тұрған торсықтың аузынан түрегеп тұрған күйде су ішті. Содан мен сол торсықтың аузын кесіп алдым», – деген (Тирмизи, 1892).
Умм Сабит Кабша бинт Сабит, сестра Хассана ибн Сабита (да будет доволен ею Аллах), сказала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ вошёл ко мне домой и стоя выпил воды из горлышка висевшего бурдюка. После этого я отрезала горлышко того бурдюка» (Ат-Тирмизи: 1892).
Түсіндірме (қазақша)
Үммі Сәбиттің торсықтың аузын кесіп алғандағы мақсаты, Алла елшісінің ﷺ мүбәрак аузы тиген жерін тәбәрік ретінде аялап сақтау еді. Бұл хадис аузы бар ыдыстардың аузынан ішудің, (сондай-ақ түрегеп тұрып су немесе сусын ішудің) рұқсат екендігін білдіреді. Ал жоғарыдағы екі хадис болса ортақ ыдыстың аузынан ішпеген абзал дегенді білдіреді. Анығын Алла білуші!
Түсіндірме (орысша)
умм Сабит отрезала горлышко бурдюка, чтобы бережно хранить как благословенную реликвию то место, которого коснулись благословенные уста Посланника Аллаха ﷺ. Этот хадис указывает на допустимость питья непосредственно из горлышка сосуда, а также употребления воды или другого напитка стоя. В двух приведённых выше хадисах говорится о том, что предпочтительнее не пить непосредственно из горлышка общего сосуда. А Аллах знает лучше!