Хадис

Торсықтың және сол сияқты ыдыстардың аузынан ішу жағымсыз іс екендігі жайлы

О нежелательности пить из горлышка бурдюка и других подобных сосудов

Риядус-салихин, 112-тақырып · 3 хадис · № 763–765

Хадистер

763
Риядус-салихин, № 763Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ قَالَ: نَهَى رَسُول اللَّهِ ﷺ عَنْ اخْتِنَاثِ الْأَسْقِيَةِ. يعني: أن تُكْسَرَ أفْواهُها، وَيُشْرَبَ مِنْهَا

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла елшісі ﷺ теріден жасалған ыдыстардың аузын қайырып, аузынан ішуге тыйым салды», – деген (Бұхари: 5625, Муслим: 5271, Ахмад: 11026).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ запрещал выворачивать горлышки кожаных сосудов и пить прямо из них» (Аль-Бухари: 5625; Муслим: 5271; Ахмад: 11026).

Түсіндірме (қазақша)

Хадисте сол заманда сусын құюға қолданылған теріден жасалған ыдыстар тілге тиек етілген, ал бүгін біз мұны бірнеше адамға, яки көпшілікке ортақ болған аузынан су ішілетін барлық ыдыс түрлері деп түсінеміз. Ал жекелеген адамдардың өздеріне ғана тиесілі болған ыдыстардың жөні басқа, әр адам өзінің жеке ыдысынан сусынды қалай ішем десе де, өзі біледі.

Түсіндірме (орысша)

в хадисе упоминаются кожаные сосуды, которые в те времена использовались для напитков. В наши дни под этим следует понимать любые виды сосудов, предназначенные для питья непосредственно из горлышка и являющиеся общими для нескольких человек или множества людей. Что же касается сосудов, принадлежащих одному человеку и предназначенных только для его личного пользования, то это иной случай: каждый сам решает, как ему пить из собственной посуды.

764
Риядус-салихин, № 764Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: نَهَى رَسُول اللَّهِ ﷺ أن يُشْرَبَ مِنْ فِيِّ السِّقَاءِ أَوْ الْقِرْبَةِ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ торсық пен местің аузынан сусын ішуге тыйым салды», – деп айтты (Бұхари: 5628, Ахмад: 10320).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ запретил пить непосредственно из горлышка кожаной фляги или бурдюка» (Аль-Бухари: 5628; Ахмад: 10320).

765
Риядус-салихин, № 765

عَنْ أم ثابتٍ كَبْشَةَ بنتِ ثابتٍ أُختِ حَسَّانَ بْنِ ثابتٍ، قَالَتْ: دخل عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَشَرِبَ مِنْ فيِّ قِرْبَةٍ مُعَلَّقَةٍ قَائِمًا، فَقُمْتُ إِلَى فِيهَا فَقَطَعْتُهُ

وإِنّما قَطَعَتْهَا: لِتَحْفَظَ مَوْضِع فَمِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وَتَتَبَرَّكَ بِهِ، وتَصُونَهُ عَن الابْتِذَال. وهذا الْحَدِيث محمولٌ عَلَى بيان الْجواز، والحَدِيثان السابقان لبيان الْأفضل والأكمل، واللَّه أعلم

Қазақша аудармасы

Хассан ибн Сәбиттің әпкесі Үммі Сәбит Кәбша бинт Сәбит (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ менің (үйіме) кірді де, ілулі тұрған торсықтың аузынан түрегеп тұрған күйде су ішті. Содан мен сол торсықтың аузын кесіп алдым», – деген (Тирмизи, 1892).

Орысша аудармасы

Умм Сабит Кабша бинт Сабит, сестра Хассана ибн Сабита (да будет доволен ею Аллах), сказала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ вошёл ко мне домой и стоя выпил воды из горлышка висевшего бурдюка. После этого я отрезала горлышко того бурдюка» (Ат-Тирмизи: 1892).

Түсіндірме (қазақша)

Үммі Сәбиттің торсықтың аузын кесіп алғандағы мақсаты, Алла елшісінің ﷺ мүбәрак аузы тиген жерін тәбәрік ретінде аялап сақтау еді. Бұл хадис аузы бар ыдыстардың аузынан ішудің, (сондай-ақ түрегеп тұрып су немесе сусын ішудің) рұқсат екендігін білдіреді. Ал жоғарыдағы екі хадис болса ортақ ыдыстың аузынан ішпеген абзал дегенді білдіреді. Анығын Алла білуші!

Түсіндірме (орысша)

умм Сабит отрезала горлышко бурдюка, чтобы бережно хранить как благословенную реликвию то место, которого коснулись благословенные уста Посланника Аллаха ﷺ. Этот хадис указывает на допустимость питья непосредственно из горлышка сосуда, а также употребления воды или другого напитка стоя. В двух приведённых выше хадисах говорится о том, что предпочтительнее не пить непосредственно из горлышка общего сосуда. А Аллах знает лучше!