Хадис

Риядус-салихин, № 753

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
109. Тамақты үш саусақпен жеу және саусақтарды әдеппен жалап-жұқтау керектігі, ал жалап-жұқтамай тұрып сүртудің ұнамсыз екендігі жайлы, сондай-ақ ыдыстағы (тамақтың жұғынын да қалдырмай) тазалап жеп қою, жерге түскен асты алып жеу және де саусақтарды жалап-жұқтаған соң, қалған майды білекке және аяққа жағуға болатындығы жайында
Нөмірі
№ 753 (қазақша басылым реті)
753
Риядус-салихин, № 753Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ يَحْضُرُ أَحَدَكُمْ عِنْدَ كُلِّ شَيْءٍ مِنْ شَأنِهِ، حَتَّى يَحْضُرَهُ عِنْدَ طَعَامِهِ، فإِذَا سَقَطَتْ لُقْمَةُ أَحَدِكُمْ فَلْيَأْخُذْهَا فَليُمِطْ مَا كَانَ بِهَا مِنْ أذىً، ثُمَّ لِيَأْكُلْهَا وَلَا يَدَعْهَا للشَّيْطَانِ»

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ «Шайтан әрдайым әрбіріңнің басы-қасыңда болады, тіпті ас-ауқат ішкенде де қасында болады. Егер қайсыбіріңнің жеп отырған асынан бір нәрсе түсіп қалса, оны алып, ондағы зиянды кетірсін де жеп қойсын, оны шайтанға қалдырмасын», – делінген (Муслим: 5303, Ахмад: 14221).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Джабиром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Шайтан всегда находится рядом с каждым из вас, даже во время еды. Если у кого-либо из вас упадёт что-нибудь из пищи, которую он ест, пусть поднимет это, очистит от всего вредного и съест, не оставляя шайтану» (Муслим: 5303; Ахмад: 14221).