Хадис

Тамақты үш саусақпен жеу және саусақтарды әдеппен жалап-жұқтау керектігі, ал жалап-жұқтамай тұрып сүртудің ұнамсыз екендігі жайлы, сондай-ақ ыдыстағы (тамақтың жұғынын да қалдырмай) тазалап жеп қою, жерге түскен асты алып жеу және де саусақтарды жалап-жұқтаған соң, қалған майды білекке және аяққа жағуға болатындығы жайында

О том, что следует есть тремя пальцами и аккуратно облизывать их; о нежелательности вытирать пальцы до облизывания; о том, что следует тщательно очищать блюдо (не оставляя на нём даже следов пищи), поднимать и съедать упавшую пищу; а также о дозволенности после облизывания пальцев наносить оставшийся на них жир на предплечье и ступню

Риядус-салихин, 109-тақырып · 7 хадис · № 749–755

Хадистер

749
Риядус-салихин, № 749Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أكَلَ أَحَدُكُمْ طَعَامًا، فَلَا يَمْسَحْ أَصَابِعَهُ حَتَّى يَلْعَقَهَا أَوْ يُلْعِقَها»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің тамақ жесе, саусақтарын жаламай, не біреуге жалатпай тұрып (қолын) сүртпесін», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5456, Муслим: 5294, Ахмад: 1924).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Когда кто-либо из вас поест, пусть не вытирает (руку), пока сам не оближет пальцы или не даст облизать их кому-либо другому”» (Аль-Бухари: 5456; Муслим: 5294; Ахмад: 1924).

750
Риядус-салихин, № 750Риуаят етуші: Кағб ибн Мәлик

عَنْ كعب بْنِ مالك قَالَ: رأيتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَأكُلُ بثَلَاثِ أصابعَ، فإِذا فَرَغَ لَعِقَهَا

Қазақша аудармасы

Кағб ибн Мәлик (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ үш саусағымен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан қол) тамақ жегенін, содан соң үшеуін де (тамақтың жұғынын да қалдырмай асқан ұқыптылықпен) жақсылап жалап-жұқтағанын көрдім», – деп айтты (Муслим: 5296, Ахмад: 27167).

Орысша аудармасы

Кааб ибн Малик (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел, как Посланник Аллаха ﷺ ел тремя пальцами (большим, указательным и средним), а затем тщательно облизывал все три, не оставляя на них ни следа пищи» (Муслим: 5296; Ахмад: 27167).

Түсіндірме (қазақша)

Алла елшісі ﷺ өмір сүрген кезеңде араб қоғамында ас-ауқат жегенде қасық, шанышқы сынды құралдар қолданылмайтын, бұл әдет әлі күнге дейін жалғасып келеді, арабтарда және өзге де мұсылман елдерінде, соның ішінде қазақ халқында да асты қолмен жейтін әдет әлі де бар. Сондықтан хадисте айтылғандай Алла елшісінің қолмен тамақ жегенін ерсі көрмеу керек. Сондай-ақ бұған бір діни міндет емес, ас-ауқат жеуге қатысты салт деп қараған дұрыс. Ал асты қолмен жегенде саусақтарға жұққан, яки табақтың түбінде қалған астың немесе қасықпен жегенде қасыққа жұққан астың жұғынын да қалдырмай жалап-жұқтап тазалап жеп қою, түптеп келгенде, Алланың нығметі болған асты қастерлеу дегенді білдіреді. Өйткені Алла елшісі тағы бір хадисінде «алдарыңдағы астың берекесінің қай бөлігінде немесе қай жерінде екенін нақты білмейсіңдер ғой», – деп айтқан. Хадистегі тамақ жеген соң саусақтарға жұққан тамақтың жұғынын да ысырап етпей біреуге жалату деген, негізінен, бірін-бірі жақсы көрген ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала сияқты ет жақын адамдардың арасында болатын іс.

Түсіндірме (орысша)

во времена Посланника Аллаха ﷺ в арабском обществе не пользовались во время еды такими приборами, как ложка и вилка. Этот обычай сохраняется и по сей день: у арабов и в других мусульманских странах, в том числе среди казахского народа, всё ещё принято есть руками. Поэтому не следует считать странным то, что Посланник Аллаха ﷺ ел руками. Вместе с тем правильнее воспринимать это не как религиозное предписание, а как обычай, связанный с приёмом пищи.

Слизывая остатки пищи с пальцев, когда он ест руками, собирая то, что осталось на дне блюда, или не оставляя следов еды на ложке, человек проявляет бережное отношение к пище, являющейся милостью Аллаха. Ведь в другом хадисе Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Вы не знаете, в какой именно части находящейся перед вами пищи заключена благодать».

Что же касается упомянутого в хадисе обычая позволить другому облизать оставшиеся на пальцах следы пищи, не допуская их напрасной траты, то это преимущественно относится к близким людям – любящим друг друга супругам, родителям и детям.

751
Риядус-салихин, № 751Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أمر بلعق الْأصابع والصحفة، وَقَالَ: «إِنَّكُمْ لَا تَدْرُونَ فِى أيِّ طَعَامِكُمُ الْبَرَكَةُ»

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ (ас-ауқаттан кейін) саусақтар мен табақты жалауды бұйырып: «Расында, сендер оның қайсысында (яғни тамақтың қай жерінде) береке барын білмейсіңдер ғой», – деп айтқан (Муслим: 5300, Ахмад: 15224).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Джабира (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ повелел облизывать пальцы и очищать блюдо от остатков пищи, сказав: «Поистине, вы не знаете, в какой именно части пищи заключена благодать» (Муслим: 5300; Ахмад: 15224).

752
Риядус-салихин, № 752Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا وَقَعَتْ لُقْمَةُ أَحَدِكُمْ، فَلْيأخُذْهَا فَلْيُمِطْ مَا كَانَ بِهَا مِنْ أذىً، وَلْيَأْكُلْهَا، وَلَا يَدَعْهَا لِلشَّيْطَان، وَلَا يَمْسَحْ يَدَهُ بِالْمِنْدِيل حَتَّى يَلْعَقَ أَصَابِعَهُ، فَإِنَّهُ لَا يَدْرِى فِى أيِّ طَعَامِهِ الْبَرَكَةُ»

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ «Егер қайсыбіріңнің жеп отырған асынан бір нәрсе түсіп қалса, оны алып, ондағы зиянды кетірсін де жеп қойсын, оны шайтанға қалдырмасын. Сондай-ақ (тамақтанып) болған соң, саусақтарын жалап-жұқтамайынша қолын майлыққа сүртпесін. Өйткені ол алдындағы асының қай жерінде береке барын білмейді ғой», – деп келген (Муслим: 5301, Ахмад: 14224).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Джабира (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если у кого-либо из вас упадёт кусок пищи, пусть он поднимет его, удалит то, что может причинить вред, и съест, не оставляя его шайтану. Закончив есть, пусть не вытирает руку салфеткой, пока не оближет пальцы, ибо он не знает, в какой именно части пищи заключена благодать» (Муслим: 5301; Ахмад: 14224).

753
Риядус-салихин, № 753Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ يَحْضُرُ أَحَدَكُمْ عِنْدَ كُلِّ شَيْءٍ مِنْ شَأنِهِ، حَتَّى يَحْضُرَهُ عِنْدَ طَعَامِهِ، فإِذَا سَقَطَتْ لُقْمَةُ أَحَدِكُمْ فَلْيَأْخُذْهَا فَليُمِطْ مَا كَانَ بِهَا مِنْ أذىً، ثُمَّ لِيَأْكُلْهَا وَلَا يَدَعْهَا للشَّيْطَانِ»

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ «Шайтан әрдайым әрбіріңнің басы-қасыңда болады, тіпті ас-ауқат ішкенде де қасында болады. Егер қайсыбіріңнің жеп отырған асынан бір нәрсе түсіп қалса, оны алып, ондағы зиянды кетірсін де жеп қойсын, оны шайтанға қалдырмасын», – делінген (Муслим: 5303, Ахмад: 14221).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Джабиром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Шайтан всегда находится рядом с каждым из вас, даже во время еды. Если у кого-либо из вас упадёт что-нибудь из пищи, которую он ест, пусть поднимет это, очистит от всего вредного и съест, не оставляя шайтану» (Муслим: 5303; Ахмад: 14221).

754
Риядус-салихин, № 754Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أكَلَ طَعَامًا، لَعِقَ أَصَابِعَهُ الثَّلَاثَ، وَقَالَ: «إِذَا سقَطَتْ لُقْمَةُ أَحَدِكُمْ فَلْيَأْخُذْهَا، ولْيُمِطْ عَنْهَا الْأذى، وَليَأكُلْهَا، وَلَا يَدَعْها لِلْشَّيْطَان» وأَمَرَنا أن نَسْلُتَ الْقَصْعَةَ، وَقَالَ: «إِنَّكُمْ لَا تَدْرُونَ فِى أيِّ طَعَامِكُمُ الْبَرَكَةُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ тамақтанғаннан кейін, үш саусағын бірдей ұқыптылықпен жалап-жұқтап, (астың жұғынын да рәсуа етпейтін). Сондай-ақ ол: «Қайсыбіріңнің алдындағы (немесе қолындағы) асының бір түйірі жерге түсіп қалса, оның былғанған жағын тазалап, шайтанға қалдырмай, өзі жесін», – деп, сонымен қатар, табақтың түбі жылтырағанша сарқып, түк қалдырмай тауысып қоюды бұйырып: «Расында, сендер берекенің тағамның қай түйірінде екенін біле алмайсыңдар», – деп айтты», – деген (Муслим: 5306, Ахмад: 12815). бар.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «После еды Посланник Аллаха ﷺ одинаково тщательно облизывал все три пальца (не позволяя пропасть даже остаткам пищи, приставшим к ним). Он также говорил: “Если у кого-либо из вас кусочек лежащей перед ним (или находящейся у него в руке) пищи упадёт на землю, пусть очистит испачканную часть и съест его сам, не оставляя шайтану”. Кроме того, он велел доедать всё с блюда, не оставляя ни крошки, так чтобы его дно заблестело, и говорил: “Поистине, вы не знаете, в каком именно кусочке вашей пищи заключено благословение”» (Муслим: 5306; Ахмад: 12815).

755
Риядус-салихин, № 755

عَنْ سعيد بْنِ الْحارث: أَنَّهُ سأل جابرًا عنِ الْوُضُوءِ مِمَّا مَسَّتِ النَّارُ، فَقَالَ: لَا، قَدْ كُنَّا زَمَنَ النَّبِيِّ ﷺ لَا نَجِدُ مِثْلَ ذَلِكَ الطَّعامِ إِلَّا قليلًا، فإِذا نَحْنُ وجَدْنَاهُ، لَمْ يَكُنْ لنا مَنَادِيلُ إِلَّا أكُفَّنا، وسَواعِدَنَا، وأقْدامَنَا، ثُمَّ نُصَلِّى وَلَا نَتَوَضَّأُ

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Харис бірде Жәбирден (р.а.): «От тиген тағам жегеннен кейін дәрет алу керек пе?» – деп сұрағанда, ол: «Жоқ. Ондай тағам Пайғамбарымыздың ﷺ кезінде бізге өте сирек бұйыратын. Ондай тағамды тапқан күннің өзінде, бізде (оның саусақтарымызға жұққан майын) сүртетін қолдарымыздан, білектерімізден және аяқтарымыздан басқа сүлгі болмайтын, содан кейін қайтадан дәрет алмай-ақ, сол күйі намаз оқи беретінбіз»,1 – деп жауап береді (Бұхари: 5457, Ахмад: 15020).

Орысша аудармасы

Однажды Саид ибн аль-Харис спросил Джабира (да будет доволен им Аллах): «Нужно ли совершать омовение после употребления пищи, приготовленной на огне?» Он ответил: «Нет. Во времена Пророка ﷺ такая пища доставалась нам крайне редко. Но даже когда она у нас появлялась, иной салфетки, кроме собственных ладоней, предплечий и ступней, у нас не было: мы растирали по ним жир, оставшийся на пальцах. После этого мы молились, не совершая омовения заново1» (Аль-Бухари: 5457; Ахмад: 15020).

  1. 1Бізде де бұрынғы үлкен кісілер ет жегеннен кейін қолдарына жұққан майды рәсуа қылмай, қолдарына, білектеріне және мәсілеріне жағып, жақсылап сүртетін болған...
  1. 1В прежние времена и наши старшие, поев мяса, не давали пропасть жиру, оставшемуся на руках, а растирали его по кистям, предплечьям и кожаным носкам, тщательно вытирая руки…