Хадис

Риядус-салихин, № 750

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
109. Тамақты үш саусақпен жеу және саусақтарды әдеппен жалап-жұқтау керектігі, ал жалап-жұқтамай тұрып сүртудің ұнамсыз екендігі жайлы, сондай-ақ ыдыстағы (тамақтың жұғынын да қалдырмай) тазалап жеп қою, жерге түскен асты алып жеу және де саусақтарды жалап-жұқтаған соң, қалған майды білекке және аяққа жағуға болатындығы жайында
Нөмірі
№ 750 (қазақша басылым реті)
750
Риядус-салихин, № 750Риуаят етуші: Кағб ибн Мәлик

عَنْ كعب بْنِ مالك قَالَ: رأيتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَأكُلُ بثَلَاثِ أصابعَ، فإِذا فَرَغَ لَعِقَهَا

Қазақша аудармасы

Кағб ибн Мәлик (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ үш саусағымен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан қол) тамақ жегенін, содан соң үшеуін де (тамақтың жұғынын да қалдырмай асқан ұқыптылықпен) жақсылап жалап-жұқтағанын көрдім», – деп айтты (Муслим: 5296, Ахмад: 27167).

Орысша аудармасы

Кааб ибн Малик (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел, как Посланник Аллаха ﷺ ел тремя пальцами (большим, указательным и средним), а затем тщательно облизывал все три, не оставляя на них ни следа пищи» (Муслим: 5296; Ахмад: 27167).

Түсіндірме (қазақша)

Алла елшісі ﷺ өмір сүрген кезеңде араб қоғамында ас-ауқат жегенде қасық, шанышқы сынды құралдар қолданылмайтын, бұл әдет әлі күнге дейін жалғасып келеді, арабтарда және өзге де мұсылман елдерінде, соның ішінде қазақ халқында да асты қолмен жейтін әдет әлі де бар. Сондықтан хадисте айтылғандай Алла елшісінің қолмен тамақ жегенін ерсі көрмеу керек. Сондай-ақ бұған бір діни міндет емес, ас-ауқат жеуге қатысты салт деп қараған дұрыс. Ал асты қолмен жегенде саусақтарға жұққан, яки табақтың түбінде қалған астың немесе қасықпен жегенде қасыққа жұққан астың жұғынын да қалдырмай жалап-жұқтап тазалап жеп қою, түптеп келгенде, Алланың нығметі болған асты қастерлеу дегенді білдіреді. Өйткені Алла елшісі тағы бір хадисінде «алдарыңдағы астың берекесінің қай бөлігінде немесе қай жерінде екенін нақты білмейсіңдер ғой», – деп айтқан. Хадистегі тамақ жеген соң саусақтарға жұққан тамақтың жұғынын да ысырап етпей біреуге жалату деген, негізінен, бірін-бірі жақсы көрген ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала сияқты ет жақын адамдардың арасында болатын іс.

Түсіндірме (орысша)

во времена Посланника Аллаха ﷺ в арабском обществе не пользовались во время еды такими приборами, как ложка и вилка. Этот обычай сохраняется и по сей день: у арабов и в других мусульманских странах, в том числе среди казахского народа, всё ещё принято есть руками. Поэтому не следует считать странным то, что Посланник Аллаха ﷺ ел руками. Вместе с тем правильнее воспринимать это не как религиозное предписание, а как обычай, связанный с приёмом пищи.

Слизывая остатки пищи с пальцев, когда он ест руками, собирая то, что осталось на дне блюда, или не оставляя следов еды на ложке, человек проявляет бережное отношение к пище, являющейся милостью Аллаха. Ведь в другом хадисе Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Вы не знаете, в какой именно части находящейся перед вами пищи заключена благодать».

Что же касается упомянутого в хадисе обычая позволить другому облизать оставшиеся на пальцах следы пищи, не допуская их напрасной траты, то это преимущественно относится к близким людям – любящим друг друга супругам, родителям и детям.