Хадис

Муатта, № 8

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
9. Жамағатпен намаз оқу
бап
3. Оқылған парыз намазды имаммен бірге қайта оқу
Нөмірі
№ 8 (кітап ішіндегі рет реті)
8
Муатта, 9-кітап, № 8
Қазақша аудармасы

Михжан (р.а.) былай деп баяндайды: «Алла елшісінің мәжілісінде отырған едім. Намазға қамат түсірілді. Ардақты Елші тұрып, намазын оқығаннан кейін қасыма келді. Мен онымен бірге намазға тұрмаған едім. Ол маған: “Жамағатпен неге намаз оқымадың, мұсылман емессің бе?” – деді. Мен: “Иә, уа, Расулалла, мұсылманмын. Бірақ мен намазды үйде оқып қойған едім”, – дедім. Сонда Алла елшісі: “Намазды оқып қойған болсаң да, жамағатқа келгенде қайта оқы1”, – деп бұйырды2».

  1. 1Парыз намазын жалғыз оқыған адам жамағатқа келгенде, оны жамағатпен бірге де оқи алады. Оқыған екі намазының бірі парыз, екіншісі нәпіл болып саналады. Бірақ оқығаны ақшам, таң немесе екінті намазы болса, оны жамағатпен қайта оқымайды. Өйткені ақшам намазының рәкағат саны тақ болғандықтан, ол нәпіл болып саналмайды. Ал таң және екінті намаздарынан кейін нәпіл намаз оқылмайды.
  2. 2Нәсәи, «Имамат», 10/53. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 217.