Хадис

Муатта, № 16

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
9. Жамағатпен намаз оқу
бап
5. Имамның отырып намаз оқытуы
Нөмірі
№ 16 (кітап ішіндегі рет реті)
16
Муатта, 9-кітап, № 16
Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етеді: «Алла елшісі (с.а.с.) атпен келе жатып құлап, оң жағы жарақаттанды. Намаз уақыты келгенде намазды отырып оқытты, біз де оның артында отырып оқыдық. Намазын аяқтаған соң: “Имам басқалар өзіне ұйып намаз оқуы үшін тағайындалған. Сондықтан имам тұрып оқыса, сендер де тұрып оқыңдар. Рукуғ жасаса, сендер де рукуғ жасаңдар. Бас көтерсе, сендер де бас көтеріңдер. ‘Сәмиаллаһу лимән хамидаһ’ десе, сендер ‘Раббәнә уә ләкәл-хамд’ деңдер. Отырып оқыса, бәрің де отырып оқыңдар”, – деп бұйырды1».

  1. 1Бұхари, «Азан», 10/51; Муслим, «Салат», 4/77; Шафиғи, «Рисала», № 696. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 157.