Қазақша аудармасы
Әбу Сәләмә ибн Абдуррахман ибн Ауфтан риуаят етіледі: «Алла елшісінің жұбайы Айшадан: “Рамазанда Алла елшісі намазды қалай оқитын еді?” – деп сұрадым. Ол: “Алла елшісі (с.а.с.) рамазанда да, басқа уақытта да түнгі намазда он бір рәкағаттан артық оқымайтын. Төрт рәкағат оқитын, оның көркемдігі мен ұзақтығын сұрама. Содан кейін тағы төрт рәкағат оқитын, оның да көркемдігі мен ұзақтығын сұрама. Сосын үш рәкағат үтір намазын оқитын”, – деп жауап берді».
Айша (р.а.) былай дейді: «Ардақты Пайғамбарға: “Уа, Расулалла! Үтірді оқымай ұйықтайсыз ба?” – дедім. Ол: “Уа, Айша! Көздерім ұйықтайды, бірақ жүрегім ұйықтамайды”, – деді1».
- 1Бұхари, «Тарауих намазы», 31/1; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/125. Жүректің рухани сергектігі күшейгенде, дене ұйықтаған кезде де ол ояу қалады. Бұл – пайғамбарларға тән жағдай.