Қазақша аудармасы
Әбу Сәләмә ибн Абдуррахман былай дейді: «Бір таң намазында қаматты естіген жамағаттың бір бөлігі сүннет оқуға тұрды. Сол кезде Алла елшісі (с.а.с.) шыға келді. Оларды көргенде: “Екі намаз бірдей оқылып жатыр ма, екі намаз бірдей оқылып жатыр ма?” – деді1». Бұл таң намазының алдындағы екі рәкағат сүннет жайында еді.
- 1Әзірет Пайғамбар «екі намаз» деп таң намазының парызы мен сүннетін айтып тұр. Бұл хадистен парызға қамат түсірілгенде, мешіттегі бүкіл жамағаттың сүннет не нәпіл намазды бастамай, парызға тұруы керектігі аңғарылады.