Қазақша аудармасы
Сағид ибн Ясар былай деп баяндайды: «Мекке жолында Абдуллаһ ибн Омармен бірге келе жатқан едім. Таң атуға жақындағанда көлігімнен түсіп, үтір намазын оқыдым. Абдуллаһқа жеткенімде, ол маған: “Қайда болдың?” – деді. Мен: “Таң атып кете ме деп қорқып, түсіп, үтір намазын оқыдым”, – дедім. Сонда Абдуллаһ: “Алла елшісіне ілескің келмей ме?” – деді. Мен: “Иә, уаллаһи, ілескім келеді”, – дедім. Абдуллаһ: “Алла елшісі (с.а.с.) үтір намазын түйесінің үстінде оқитын”, – деді1».
- 1Бұхари, «Үтір», 14/5; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/36.