Қазақша аудармасы
Сағид ибн Жүбәйр қасындағы сенімді бір адамнан, ал ол ардақты Елшінің жұбайы әзірет Айшадан мына хадисті риуаят етеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Түнде намаз оқуды әдет еткен адам ұйықтап қалып, тәһәжжүд намазына тұра алмаса, Алла оған тәһәжжүд сауабын жазады, ал ұйқысы садақа болып саналады”, – деп бұйырды1».
- 1Әбу Дәуіт, «Татаввуғ», 5/20; Нәсәи, «Қиям әл-ләйл», 20/61. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 167. Тәһәжжүд – түнде ұйқыдан тұрып оқылатын намаз. Оның өзге нәпіл намаздардан артықшылығы бар. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тәһәжжүд намазын ең көбі сегіз, ең азы екі рәкағат етіп оқыған.