Қазақша аудармасы
Мәлик былай дейді: «Яхия ибн Сағидтен Алла елшісінің (с.а.с.): “Сендердің бірің жұма күндері киетін бір киім, ал өзге күндері жұмысқа киетін бір киім етіп, екі киім дайындап алса, несі бар?” – деген хадисін естідім». Имам Мәлик Нәфиғтан былай риуаят етеді: «Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) ихрамда болмаса, хош иіс себініп, тап-таза киінбейінше жұма намазына бармайтын1».
- 1Әбу Дәуіт («Намаз», 2/212) мұны Абдуллаһ ибн Сәләмнан маусул түрде риуаят еткен. Сондай-ақ қараңыз: Ибн Мәжа, «Әбуаб иқамат әс-салат», 5/83; Шәйбани, 224.