Қазақша аудармасы
Имам Мәлик былай дейді: «Маған жеткен риуаятта, мүміндердің анасы Айшаның (р.а.) алдында жүзім тұрғанда, бір кедей одан тамақ сұраған. Айша бір кісіге: “Бір түйірін алып, кедейге бер”, – деген. Әлгі адам оған таңырқай қарағанда, Айша (р.а.): “Таңырқап тұрсың ба? Осы бір түйірде тозаңдай салмақтың қаншасы бар деп ойлайсың?” – деген».1
- 1Құран Кәрімде: «Ендеше, кімде-кім зәредей жақсылық жасаса, соның қарымын көреді», – делінген («Зилзәл» сүресі, 99:7).