Қазақша аудармасы
Имам Мәлик Абдуррахманның ұлы Аладан мына сөзді естігені риуаят етілген: «Садақа мал-мүлікті кемітпейді. Кешірімді құлдың абыройы мен қадірін Алла Тағала арттыра түседі. Ал кішіпейіл болған құлды Алла биіктетеді».1
- 1Мұндай сөз ижтиһад арқылы айтылмайды. Бір топ ғалым оны иснадпен жеткізген. Бұл – сақталған, мүснәд риуаят. Мұны Ибн Абдилбәр айтқан. Қараңыз: Мүслим, Бирр, 45/19, № 69.