Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағидтен риуаят етілген: Бір адам Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.): «Әссәләму аләйкә уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһу уәл-ғадияту уәр-раихат», яғни «Саған Алланың сәлемі, рақымы мен берекеті және таңертең-кеш келіп-кететіндердің сәлемі болсын», – деп сәлем берді. Мұндағы келіп-кететіндер – адам баласының амалдарын жазу үшін келетін періштелер. Абдуллаһ ибн Омар (р.а.): «Саған да мың рет сәлем болсын», – деп жауап берді. Алайда мұндай сәлемді жақтырмағандай болды.1
- 1Яғни сенің сәлеміңдей мың сәлем саған да болсын деген. Ол сәлемді «уә бәракәтуһ» сөзімен аяқтамай, оған басқа сөздер қосқанды мәкруһ санап, жақтырмаған.