Қазақша аудармасы
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Омар ибн Хаттабтың (р.а.) сөзін тыңдап отырдым. Бір адам оған сәлем берді, ол сәлемін алды. Содан кейін әлгі адамнан: “Халің қалай?” – деп сұрады. Ол: “Аллаға шүкір”, – деп жауап берді. Сонда Омар (р.а.): “Сенен естігім келгені де осы еді”, – деді».1
- 1Жақсылық пен нығметті беретін Алла болғандықтан, Оған үнемі мадақ айту керектігін ұқтырғысы келген.