Хадис

Муатта, № 57

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
14. Басты имамнан бұрын көтерудің үкімі
Нөмірі
№ 57 (кітап ішіндегі рет реті)
57
Муатта, 4-кітап, № 57
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Намазда басын имамнан бұрын көтеріп-түсірген адамның маңдай шашы шайтанның қолында. Яғни басын имамнан бұрын көтеріп-түсірген адам шайтанға ерген болады».

Имам Мәлик былай дейді: «Рукуғ пен сәждеде имамды күтпей, өздігінен басын көтерген адамға қатысты сүннет – рукуғ пен сәждеге қайта оралу. Ол имамды күтіп тұрып қалмайды. Өйткені бұлай күту – қате. Алла елшісі (с.а.с.): “Имам жұрттың оған ұюы үшін имам етілген. Ендеше, міндетті түрде имамға ұйыңдар, оған қарсы келмеңдер”, – деп бұйырған».

Әбу Һурайра былай дейді: «Басын имамнан бұрын көтеріп-түсірген адамның маңдай шашы шайтанның қолында1».

  1. 1Хадис Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: Бұхари, «Азан», 10/74; Муслим, «Намаз», 4/86.