Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) былай деп баяндайды: «Алла елшісі (с.а.с.) қырағатты дауыстап оқитын бір намазды оқытып болған соң, жамағатқа бұрылып: “Намазда менімен бірге Құран оқыған біреу болды ма?” – деді. Жамағаттан бір кісі: “Мен оқыдым, уа, Расулалла!” – дегенде, ол: “Мен де Құран оқып жатқанда неге мазам кетіп тұр деп едім”, – деді. Осы ескертуден кейін сахабалар Алла елшісі дауыстап оқыған намаздарда Құран оқуды тоқтатты1».
- 1Нәсәи, «Ифтитах», 11/28. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 111. Бұл хадистен, әсіресе имам дауыстап оқитын намаздарда жамағаттың қырағат оқымауы керектігі анық көрінеді.