Хадис

Муатта, № 43

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
10. Имам жәһри (дауыстап) оқыған кезде оған ұйығандардың қырағат оқымауы
Нөмірі
№ 43 (кітап ішіндегі рет реті)
43
Муатта, 4-кітап, № 43
Қазақша аудармасы

Нәфиғ былай дейді: «Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.): “Имамға ұйығандар Құран оқи ма?” – деп сұрағандарға, ол: “Имамның артында намаз оқыған кездеріңде имамның оқуы жеткілікті. Ал жалғыз оқығандарыңда өздерің оқыңдар”, – деп жауап берді». Нәфиғ былай дейді: «Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) имамның артында Құран оқымайтын1». Имам Мәлик былай дейді: «Біздің ұстанымымыз бойынша, егер имам қырағатты жәһри (дауыстап) оқымаса, оған ұйығандар оқиды. Ал егер имам дауыстап оқыса, артындағылар қырағатты тоқтатады».

  1. 1Шәйбани, 112, 115.