Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етілген: Алла елшісі (с.а.с.): «Ізгі адамның көрген шынайы әрі сүйінші түсі – пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі», – деген.1 Бұл хадис Әбу Һурайрадан (р.а.) да дәл осылай риуаят етілген.
- 1Бұхари, Тағбир, 91/2. Осы және осыған ұқсас хадистердегі пайғамбарлықтың бөліктері мен мәнінен не көзделетінін пайғамбарлар ғана толық біледі. Пайғамбарымыздың пайғамбарлық кезеңі жиырма үш жылға созылған. Оның алғашқы алты айында уахи шынайы түстер түрінде келген. Бұл – жиырма үш жылдың қырық алтыдан бір бөлігі. Айшадан (р.а.) жеткен хадисте де Алла елшісіне (с.а.с.) алғашқы уахилардың шынайы түстер түрінде келгені айтылған. Бәжи, «әл-Мунтақа», 7-том, 276-бет.