Қазақша аудармасы
Һишам әкесі Уруадан Алла елшісінің (с.а.с.): «Хумма, яғни безгек немесе дене қызуының көтерілуі – тозақтың қатты ыстығының бір бөлігі1. Оның қызуын сумен түсіріңдер», – дегенін жеткізген2. Ибн Омардан келген риуаятта да Алла елшісі (с.а.с.): «Хумма – тозақтың қатты ыстығының бір бөлігі. Оны сумен сөндіріңдер», – деген3.
- 1Мұнда теңеу қолданылып, аурудың қызуы тозақтың ыстығына ұқсатылған.
- 2Мағн ибн Исадан басқа барлық рауи мурсал түрде жеткізген. Ол «Муваттада» Мәлик – Һишам – оның әкесі – Айша тізбегімен риуаят етеді. Бұхари, «Тибб», 76/28; Муслим, «Сәләм», 39/26, № 81.
- 3Бұхари, «Тибб», 76/28; Муслим, «Сәләм», 39/26, № 79.