Әбу Һурайра (р.а.): «Адамның жаратылысына тән бес қасиет бар: тырнақ алу, мұртты қысқарту, қолтық түгін жұлу, әурет тұсының түгін қыру және сүндетке отыру», – деген1. Бұлар – жаратылыс талабына сай, бұрынғы пайғамбарлар да ұстанып келген істер2.
1«Муваттаның» барлық рауиі мұны мауқуф түрде жеткізген. Ибн Абдулбәр: «Мәликтен сахих түрде жеткен», – дейді.
2«Сахихайнда» Зүһри – Сағид ибн Мүсәйяб – Әбу Һурайра тізбегімен берілген: Бұхари, «Либас», 77/63; Муслим, «Таһарат», 2/16, № 49.