Қазақша аудармасы
Жәбир ибн Абдуллаһтың (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Есіктеріңді жабыңдар, су торсықтарының аузын байлаңдар, ыдыстарыңның бетін жабыңдар, жатарда шамды өшіріңдер. Өйткені шайтан жабық есікті аша алмайды, байланған бауды шеше алмайды, жабылған ыдысты аша алмайды. Тышқан адамдардың үйін тез өртеп жібереді», – деген1.
- 1Муслим, «Әшриба», 36/12, № 96; Шәйбани, 957. Алла елшісі (с.а.с.) бұл хадисте кейбір жаман күштердің ықпалынан сақтанудың жолдарын көрсетіп, ескертеді. Болуы мүмкін зиянның алдын ала қамын жасауды, материалдық және рухани жамандық атаулыдан сақтануды өсиет етеді.