Қазақша аудармасы
Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісіне (с.а.с.) құдық суы қосылған сүт әкелінді. Оң жағында бір бәдәуи, сол жағында Әбу Бәкір отырған еді. Сүтті алдымен өзі ішті де, бәдәуиге беріп: «Оң жақтағыға беріңдер, оң жақтан жалғастырыңдар», – деді1.
- 1Бұхари, «Әшриба», 74/81; Муслим, «Әшриба», 36/17, № 124; Шәйбани, 884. Бұл хадис сусын ұсынғанда да оң жақтан бастау сүннет екенін көрсетеді. Мұнда әзірет Әбу Бәкір бәдәуиден артық бола тұра, Алла елшісі (с.а.с.) келесі хадистегідей, алдымен Әбу Бәкірге беру үшін бәдәуиден рұқсат сұрамаған. Өйткені бәдәуилердің сенімі әлсіздеу, иманы әлі толық кемелденбегендіктен, мұндай әрекет оған кері әсер етуі мүмкін еді. Алла елшісі (с.а.с.) осы нәзік жайтты ескерген болса керек. Хадистегі сүтке су қосу оны салқындату немесе бәріне жететіндей көбейту үшін жасалған. Бұдан сүт сатушылардың сүтке су қосуына болады деген үкім шықпайды. Ол – үзілді-кесілді харам. Ардақты кісі отырса да, сусынды одан дәрежесі төмендеу адамға беру оң жақтан бастаудың маңызын айқын көрсетеді.