Қазақша аудармасы
Суфиян ибн Әби Зуһәйр былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Йемен алынады. Сонда мәдиналықтардың бір тобы отбасылары мен өздеріне ергендерді ертіп, Йеменге көшеді. Алайда Мәдина өздері үшін әлдеқайда қайырлы. Осыны білсе ғой! Шам да алынады. Сонда мәдиналықтардың бір тобы отбасылары мен өздеріне ергендерді ертіп, Шамға көшеді. Алайда Мәдина өздері үшін әлдеқайда қайырлы. Осыны білсе ғой! Ирак та алынады. Сонда мәдиналықтардың бір тобы отбасылары мен өздеріне ергендерді ертіп, Иракқа көшеді. Алайда Мәдина өздері үшін әлдеқайда қайырлы. Осыны білсе ғой!” – дегенін естідім»1.
- 1Бұхари, «Фадаилул-Мәдина», 29/5; Муслим, «Хаж», 15/90, № 497. Бұл хадисте Алла елшісінің (с.а.с.) бірнеше мұғжизасы көрінеді: а) Йеменнің, Шамның және Ирактың алынатыны хабарланған. Шынында да, олар осы ретпен алынған. Йемен Алла елшісінің (с.а.с.) көзі тірісінде, қалғандары одан кейін алынған. ә) Сахабалардың бір бөлігінің Мәдинадан көшіп кететіні хабарланған, бұл да орындалған. б) Олардың Мәдинада қалғаны өздері үшін қайырлы болатыны айтылған. Мәдинадан көшкеннен кейін талай фитна мен аласапыран болған.