Хадис

Муатта, № 2

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
30. Өсиет
бап
2. Баланың, ақыл-есі толыспаған, есі ауысқан және ақылы кем адамның өсиеті
Нөмірі
№ 2 (кітап ішіндегі рет реті)
2
Муатта, 30-кітап, № 2
Қазақша аудармасы

Амр ибн Сүләйм әз-Зүрақидің жеткізуінше, Омар ибн Хаттабқа (р.а.): «Мұнда Ғассан тайпасынан шыққан, балиғатқа толмаған дәулетті бір бала бар. Мұрагерлері Шамда, ал мұнда әкесінің бауырының бір қызы ғана тұрады. Не істеу керек?» – делінді. Әзірет Омар: «Сол немере туысына өсиет қалдырсын», – деді. Бала әлгі туысына «Биір Жүшәм» деп аталатын жерді өсиет етті. Бұл мүлік отыз мың дирхамға сатылды. Өсиет алған немере туысы Амр ибн Сүләйм әз-Зүрақидің анасы еді1.

  1. 1Шәйбани, 735.