Қазақша аудармасы
Абдуррахман ибн Ауф сырқат кезінде әйелін бәин талақпен ажыратып, кейін қайтыс болды. Әйелінің ғиддаты аяқталғанына қарамастан, Осман ибн Аффан оған Абдуррахманның мұрасынан үлес берді.1
- 1Адам ауыр сырқат кезінде әйелін талақ етіп, сол ауруынан айықпай қайтыс болса, оны мұрадан қағу үшін ажырасқан саналады. Сондықтан талақ етілген әйел оның мұрасынан тиісті үлесін алады. Әзірет Осман да осы үкімге сай Абдуррахманның сырқат кезінде талақ еткен әйеліне мұрасынан үлес берген.