Қазақша аудармасы
Әбу Сағләба әл-Хушәни ардақты Пайғамбардың былай дегенін жеткізеді: «Азу тісі бар жыртқыш аңдарды жеу – харам».1
- 1Ибн Абдилбәр былай дейді: «Яхия хадисті осылай жеткізген. “Мууаттаның” да, Ибн Шиһабтың да риуаятшыларының ешқайсысы оған осы нұсқада қосылмаған. Олардың бәрі: “Азу тісі бар жыртқыш аңдарды жеуге тыйым салды”, – деп риуаят еткен». Бұхари, «Зәбаих уәс-сайд», 72/29; Мүслим, «Сайд уәз-зәбаих», 34/14. Сондай-ақ қараңыз: Шайбани, 643.