Қазақша аудармасы
Нәфиғтан: «Абдуллаһ ибн Омар Харам аймағына жеткенде, Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасағанға дейін тәлбияны тоқтататын. Содан кейін тәлбияны қайта бастап, Минадан Арафатқа аттанғанға дейін айтатын. Ертеңіне, Арафатқа шыққанда, тәлбияны мүлде тоқтататын. Ұмра жасағанда да Харам аймағына кірісімен тәлбия айтуды доғаратын».1
- 1Бұхари, «Хажж», 25/38; Мүслім, «Хажж», 15/227. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 389.