Қазақша аудармасы
Сүлеймен ибн Ясардан: «Алла елшісі (с.а.с.) Қоштасу қажылығына шыққанда, сахабалардың кейбірі тек қажылық үшін, кейбірі тек ұмра үшін, ал кейбірі қажылық пен ұмраға бірге ихрамға кірді. Тауаптан кейін тек қажылыққа және қажылық пен ұмраға ниет еткендер ихрамнан шықпады. Ал тек ұмраға ниет етіп, ұмра үшін ихрамға кіргендер ихрамнан шықты».1
- 1Сүлеймен ибн Ясар мүрсәл түрде риуаят еткен. Осы мәтіндегі 38-риуаятта Әбул-Әсуәд – Уруа – Айша иснадымен жалғасқан түрде жеткізілген. Қараңыз: Шәйбани, 393.