Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омар былай дейді: «Ардақты Пайғамбар жорықтан, қажылықтан немесе ұмрадан қайтқанда, әрбір биік жерге шыққан сайын үш рет тәкбір айтатын. Содан кейін: “Жалғыз Алладан басқа тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, бар мадақ Оған лайық. Ол барлық нәрсеге құдіретті. Біз қайтып келеміз, тәубе етеміз, құлшылық қылып, сәжде жасаймыз, Раббымызға мадақ айтамыз. Алла уәдесін орындады, құлына жәрдем берді, жау топтарды жалғыз Өзі жеңді”, – деп дұға ететін».1
- 1Бұхари, «Ұмра», 26/12; Мүслим, «Хаж», 15/428. Сондай-ақ қараңыз: Шайбани, 515.