Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Аббас былай дейді: «Қажылық амалдарының бірін ұмытқан немесе тәрк еткен адам қан ағызсын, яғни құрбан шалсын». Риуаятшы Әйюб: «Абдуллаһ “ұмытқан” деді ме, әлде “тәрк еткен” деді ме, есімде жоқ», – дейді.
Имам Мәлик былай дейді: «Қажылық амалын орындамағаны үшін һәдий беру қажет болса, ол тек Меккеде ғана шалынады. Ал басқа өтем міндеттелсе, адам оны қалаған жерінде өтейді».1
- 1Мәлик, «Мууатта», «Қажылық» кітабы, 79-бөлім.