Қазақша аудармасы
Кағб ибн Ужра былай дейді: «Ихрамда жүргенде ардақты Пайғамбармен бірге едім. Басымдағы биттер мазалай бастады. Сонда ардақты Пайғамбар шашымды алдыруды бұйырып: “Не үш күн ораза ұста, не әрқайсысына екі муддтан беріп, алты кедейді тойдыр, не бір қой құрбан шал. Қайсысын орындасаң да, фидияң өтеледі”, – деді».1
- 1Иснадтың дұрысы: Абдулкәрим ибн Мәлик әл-Жәзәри – Мүжәһид – Абдуррахман. Бұхари, «Мухсар», 27; Мүслим, «Хаж», 15/82. Сондай-ақ қараңыз: Шайбани, 504.